Қаракесек

 Қаракесек(ІІІ нұсқа)
руы—Арғын, оның ішінде Қаракесек. осы Қаракесек болып аталуының себебі бар екен. Арғы атасы Мейрамсопы (деген) адамнан төрт бала туады: Қуандық, Сүйіндік, Бегіндік, Шегіндік. Бұл төртеуі бәйбішеден туады, ал тоқалдан Болатқожа туған екен. Бәйбішеден туған төртеу Болатқожаны кем ұстаған. Болатқожаға еншіні кеш береді. ол соған өкпелеп, қашады. ол келіп бір бейітке бекінеді. оны төрт ағасы қуады. Бұл ожар бейітке әбден бекініп ағаларын жолатпайды. Төрт ағасына қарап, сол бейіттегі кесектерді алып ағаларына қарсы лақтырып, маңына жуытпаған және өзінің түсі қара болса керек. Содан «Қаракесек» атанған екен. Бірақ ағалары оны ұстап алып, еншіні ырза қылып береді. ол ұлы жүзге немесе басқаға ауысады. осыдан қорықса керек. одан тараған ру көп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *