- Қазақстан Республикас азаматтарының құқықтары
мен бостандықтары
Конституцияның 12 бабына сәйкес адам құқықтарымен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Республика азаматтарының құқықтарымен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматттардың негізгі құқықтарымен бостандықтары толық көлемде Респулика Коституциясында бекітілген конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлеуметтік топтарға бөлуге болады.
Жеке құқықтармен бостандықтар.
Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы-ол ешкімнің қандай жағдайда болсын аиыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы “Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған.
Өмір сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай – ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейіе өз мәнін сақтайды. “ Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын сақтау туралы ” Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы апаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызыметін тоқтату мүмкін екендігі айтылған.
Ешкімнің, өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.
Әркімнің өзінің жеке басының құқығы бар және адамның қадыр-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы — өзінің болмысынан туындайтын оның бөлінбейтін және апсалютты құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалңһған адамға сотқа шағымдану құқығ беріледі. ПРокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.
Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған , қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың көмегін пайдалануға құқылы.
Адамның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткені ол өзі және өзінің жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегідей сезінетін кез келген жеке адамға тән. Қадір-қасиет -саналы түрде сеззінген айналып келгенде, оның жеке ішкі және сыртқы қасиеттеріне айналған “қанына сіңген” жеке тұлға ретінде сипаттаитын адамның дамушы ізгі мінез-әрекетерінің сыртай бейнеленген көрінісі ретінде түсініледі. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіп қойлығына, және басқа жағдайларға байланысты.
Әрбір адам сыи-құрметпен мойындауға және дербес оймен әрекет құқықтығына лайықты. Заң әрекеттерінің қолдану кезінде ( мысалы: куәландыру, сұрыптау, тінту, сұраққа жауап алу, беттестіру, корреспонденсия алу, ұстау, тұтқындау секілді басқа түрлі тергеу жұмыстарын жүргізу барысында) адамның қадір қасиеттіне қол сұғылмауы жөніндегі міндет Конституцияда қатаң көрсетілген.
Қйнауға, күш қолдануға, басқада қатал не адамның қадір қасиеттін корлайтын қатынаспен жазаға тыиым салынады. Заң адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау мүмкіндіктерін белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 347-1 бабына сәикес тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның мәліметтер алу немесе мойындату, не оны жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс әрекет үшін жазалау, сондай ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән немесе психикалық зардап шектіруіне жол берілмейді. Егер сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр сиян келтірсе немесе абайсызда адам өліміне апарып соқса, онда оны 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызыметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылғы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады .