Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздер

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және

    әкімшілік құқық негіздер

 

   Әкімшілік құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жарияланған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік оргындардың құқықтық жағдайы реттеледі.

   Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатнастарды:

—  мемлекеттік атқарушы оргындардың құрылуымен байланысты қатнастарды;

— әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік оргындардың азаматтар, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;

— әкімшілік құқық бұзушылықты жатқызуға болады.

   Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған “әкімшілік құқық бұзушылық” кодекісі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер жасайды.

   Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі қоғамдық қатнастарды реттейтін ережелер.

   Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материялдық, процессуалдық, ал субьектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік – құқықтық қатнастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік- құқықтық нормаларымен реттелген қатнастарды айтады. Бұл қатнастарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.

   Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы оргындардың басқарушы – жарлықшы қызыметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.[13].

   Атқарушы  билік  мемлекетті  басқару  органдары  жүйесінен  тұрады , ал  бұл  жүйеге   Үкімет,  министірліктер,  мемлекеттік  комиттетер  мен  мекемелер,  жергілікті  атқарушы  органдар,  мемлекеттік   кәсіпорындар  және  мемлекеттік  әкімшіліктері  жатады. 

   Үкімет  мемлекеттің   жоғарғы  атқарушы  өкімет  органы  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасында  атқарушы  биліктің   үлгісі  президеттік  басқару  нысынына   үйлестіріле  құрылған. Бұл  мемлекет  басшысының   төменнен  жоғарыға  дейінгі  атқарушы   оргындарды   қалыптастыруда,  олрдың  қызымет  атқаруында  алатын  шешуші  рөлін  білдіреді.

   Үкімет  Президенттің  Парламент  Мәжілісіне  заң  жобаларын  енгізу  жөніндегі  тапсырмасын   орындауға,  заң  жобалау  жұмысының  жоспарларын   Президетпен  келісіп  отыруға  міндетті. Үкімет  Конституцияның  53 бабының   6-шы   тармақшасында   көзделген   ретте  Республика   Парламентіне  есеп  береді.

   Үкіметтің  құзыреті,  ұйымдастырылуы  мен  қызымет  тәртібі  конституциялық  заңмен   белгіленеді  ( 1995  жылғы  18 желтоқсандағы             “ Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  туралы”  мемлекет  басшысының   конституциялық  заң  күші  бар  Жарлығы). Үкіметті  Премьер-министр,  оның  орынбасарлары,  министрлер  және  мемлекеттік   комитеттердің   құрамында  Республика  Президенті  құрады. Республика  Премьер-министрі  тағайындалғаннан  кейін  он  күн  мерзімінде  Үкіметтің  құрылымы  мен   құрамы   туралы  Президетке  ұсыныс  енгізіледі.  Үкімет  мүшелері  Қазақстан  халқы  мен  Президентіне  ант  береді.

    Үкімет  ұйымдық  жағынан  алқалы  орган  болып  табылады, яғни  оның  шешімдері  Үкіметтің    ортасында  алқалы  түрде  қабылданады.

     Министірлік  Республиканың   мемлекеттік  басқарудың   тиісті   салаларындағы,  сондай-ақ  заңдар   деңгейінде   салық  үйлестіруге   басшылықты  жүзеге   асыратын  орталық   атқарушы  орган  болып  табылады.

    Мемлекеттік  комитет- Республикада  мемлекеттік  басқарудың  тиісті   салаларда  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  жүргізетін  және  заңдарға  сәикес   осы  мақсаттарда  салааралық  үйлестіруді  жүзеге  асыратын  орталық  атқарушы  орган.

    Үкіметтің  құрылымынан Үкіметтің  құрамына  кірмейтін,  бірақ  оның  иелігінде  болатын  орталық  атқарушы  органдарды  ( Республика  комитеті,  бас  басқармасы,  комиссиясы,  агенттігі  және  өзге  де  республикалық   мемлекеттік  басқару  органдарын)  және  Республиканың  ведомстволарын        ( министрліктегі,  мемлекеттік  комитеттегі  комитеттер,  департамеенттер,  агенттіктер)  бөліп  айтқан  жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *