Шегендіктің баласының атын Мейрамның «Қақсал» қоюы

Шегендіктің баласының атын Мейрамның «Қақсал» қоюы
(ІІ нұсқа)
…Ел-жұрттың көшіп-қонып жүретін заманы екен. Сондай бір абыр-сабыры көптеу көш-қон кезінде Шегендіктің бәйбіше сі босанып, арыстай бір ұл бала дүниеге келеді. Дәл сол күні жауын-шашын болып, ол да бір жағынан берекені алыңқырап тұрса керек. Көш үстінде асығыс құрылған қамсау күрке, сол күркенің панасында босанған ана, жарық дүниеге келген нәрестенің іңгәлаған үні, жаялық-жөргегін қамдаған қатынқалаш, абыр-сабыр сәт… Жас босанған ана есеңгіреп жатып нәрестенің қамын ойлайды, жас шаранасының тәніне алғаш тиетін жөргек-жаялықтың жылы болғанын қалап: «Анау отқа қақ сал»,—дейді әлсіз ғана. Қазақтың ат тергейтін дәстүрі бойын ша сиырдың ақ жапасын немесе ақ сөңке болып қураған тезекті «қақ» деп атайтын әдеті. Сол жердегі әйелдердің бірі: «Мына бейбақ баласының атын «Қақсал» деп жатыр ғой!»— деп іліп әкетеді. Енді біреулер Мейрамсопыдан: «Қақсал деген немереңіз дүниеге келді!»—деп, сүйінші сұрап та үлгереді.
Сонда Мейрамсопы: «Мейлі, Қақсал болса, Қақсал болсын, аман өсіп, ақ шал болсын!»—деп тілек айтыпты дейді. Кейін Қақсал ержетіп, әулеті ұлғайған кезде Қозғанмен еншілес болады. Бұлардың өсіп-өнген ұрпағының «Қақсал-Қозған» деп қатар аталатыны содан дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *