Халықтың билік етуі жарияланады.лық құқық негіздері.
Конституция деген сөздің латыннан аудармасы құрыоғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып, келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституиялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдермен мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек
- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды
- құқықтың негізгі бастауы болып табылады
- ең жоғарғы заңдылық күші бар
- оның ерекше тартіппен қабылдануы
- тұрақтылығы
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен , тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңістік Социалистік Республикасы жойылады. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жаатындар
1. Қазақ ССР –нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Респуюбликасының Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап , демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құжат- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылдаған Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді .
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен –ақ байқалады.
Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байрағы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып , өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз, -делінген. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция — мемлекет қоғамының құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрлыстың негізін ,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматтының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің сол үшін қызымет етуі тиістігін атап көрсеттеді.[8].
Қ.Р Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі –халық . Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген . Қазақстан халық- тек қазақ ұлты емес сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру , (референдум), талқылау, сонда-ақ Парламент депулттатарын сайлау арқлы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.
Егемендік және тәуелсіздік жарияланады. Егемендік -мемлекеттік биліктің бірлігін үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні болып табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттің азаматтарын жалпыға бірдей тең құқықпен мемлекеттік -құқықтық бірлікке топтастырып отырған Қазақстан Республикасы осындай егемендік жайына толық сипат бере алады.
Мемлекеттің билігінің біртұтастығы Қазақстанды тәуелсіз, толық билікті бөліктерге бөлінбейтін бір ғана мемлекеттік биліктің болуы мүмкін және бар екендігін білдіреді.
Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігін — оның мемлкетаралық қатынастағы егемендігі. Қазақстан мемлекетінің басқа бір мемлекеттің билігіне бағынбауы , оның дербестігін , сөзсіз сыртқы саясаттық құқықтық субьектілігін білдіреді. Ещқандай басқа мемлекеттің Қазақстаның ішкі істеріне араласуға құқығы жоқ, өйткені ол-егеменді ел.