Төрт Төлегетай

Төрт Төлегетай
(ХІІІ нұсқа)
Шұбартай жастай өліп, келіншегі жастай қалса керек. Сонда Арғынның көп балалары: «Мен аламын, мен аламын!»—деп таласқан көрінеді.
Сонда қатын:
—Мен атамның көзі тірісінде ешқайсыңа тимеймін, мына атамның бір атары бар шығар,—деп құрбы-құрдастарына жалынды дейді. Содан әлгілер малды аямай беріп, бір кедейдің қызын алып береді. Жұмыс үстінде Найман шал өкіріп өліп кетіпті дейді. Қыз шалдан екіқабат болып, ұл туады. оның атын «Төлек атай» қойыпты. Шұбартайдың әйелі әлгі Төлекатай дың өсуін, ер жетуін күтіп, отырып қалыпты. Кейін соған тұр мыс қа шығып, одан бала көтеріп, ақыры үбірлі-шүбірлі болады. осы жерде «Арғын алты ауыл болғанда, Найман жалғыз-ақ үй болып жүрген екен» деген сөз ертеден айтылып келеді.
Төлекатай сол заманда жұрт аузында әулие атанған. Қылышқожаның қойын баққан. Қылышқожаның ұлы жоқ, жалғыз қызы болған екен. Қыздың жасы толып, бой жеткен соң сартсауанның байлары мал беріп, қызды балаларына алып бермек болады. Сол кезде Төлекатай өзімен бірге қой бағып жүргендерге:
—Бұл қазақ қатынсыз өлейін деп жүрсе, қожа қызын сартқа береді екен,—депті. Қойшылардың бұл сөзін естіген Қы лыш қожа қарқ-қарқ күліп:
—рас айтады, Шұбартайдың төлеуіне келген Төлекатайға қызымды бердім,—деп, қызын қосыпты.
өр Найман, Қаракерей, Садыр, Матай—Төртуыл қожа қы-
зынан туғандар екен. Баяғы сарғая күтіп отырған жеңгесін алып, одан бір ұл туып, оның атын Қытай қояды.
Төлек атай Қылыш қожаның қызын алған соң бай болады, әр нәрсесі сай болады. Содан ол бір аста атын бәйгеге қосып, сол бәйгеден аты келіп, бір күңді беріпті. Күңге Төлекатайдың өзі аяғын салып, одан Сүгірші деген ұл туады. олар өсе келе Сүгіршіні Қытай айбалтаның астына алып, өлімші етіп тастап кетеді. Сонда ел: «Бағанағы кәйтті, бағанағы кәйтті?»— деп жүріп, Сүгірші «Бағаналы» аталады. Бағаналы, Балталы аталған—солардың ұрпағы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *