Т
ілеулі [Тәңірімбердінің «Таз» атануы]
Сұраулыдан көпке дейін бала болмай жүреді. Жаугер ші лік заманы болғандықтан Тілеулі де салтаң жүріп алыпты. осы дан барып Бораншы бабамыз сынық жүреді. «Тілеулі бас құрап, дүниеге ер бала келгенде біз де ұран отын жағамыз, кернейле тіп абадан байрағымызды көтереміз»,—деп баланың атын ырымдап Керней қояды.
Көп ұзамай Сұраулы да өз түтінін ұшырыпты. Қас қылғандай бала бола қоймайды. «Ниетіміз түзу еді, біреуін берген Тәңірім, екіншісін де бермей қоймас»,—деп, Сұраулы әкеміз шеше мізді ертіп, әулие-әмбиелердің басына түнеп жүреді. Бірде Тәңірі Сұраулыға аян беріпті: «Бала берейін, баланың орнына өзіңді алайын ба, әлде қатыныңды алайын ба?»—депті. Қуанып кеткен Сұраулы бабамыз қапылыста: «Қатынымды да ал, өзімді де ал!»—депті.
Тәңірі айтыпты: «Жақсылығымды балаңның алдынан берейін бе, әлде артынан бе?» деп. «Артынан»,—депті Сұраулы. Сонымен не керек, Сұраулы елге қайтып, болған әңгімені әкесіне айтыпты.
Сонда Бораншы: «Әттенген-ай, бір ағаттық кеткен екен, бір қуаныштың бір реніші болушы еді, реніші болмағай!»—депті. Ақыры солай болады.
Сұраулының әйелі баладан қайтады. Бірақ өмірге келген бала тірі қалады. Мұны ырымдап: «Тәңірім тілегімізді берді» деп есімін Тәңірімберді деп қояды. оны Кернеймен емшектес етеді. Содан көп ұзамай бір індет шығып, Сұраулы бабамыз да опат болады. Әлде шешеміз тасбауыр болды ма екен, әлде Керней ашқарақ па, Тәңірімберді сүтке жарымай, әлжуаз болып өседі. Мұны біліп қалған Тілеулі көз қойып, Тәңірімбердіні күндіз еміздіртеді екен.
Ел ішіндегі шежірешілеріміз Кернейді Кәрсенмен бірге туғызады. омар баласы Қайдар ақынның:
Жылқы ішінде сұр қулық,
Кәрсен—Керней бір тудық—
дейтін өлеңі бар. Тәңірімберді ержете келе қасқа тартыпты. осыдан барып жақын жеңгелері «Таз» деп атап кетеді.