Тамыр пен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жай кезде шикізатты 3 – 4 күнде кептіріп алуға болады. Оңтүстікте мұны тездетуге болады, ал солтүстікте оны кептіруге ұзақ уақыт жұмсалады. Жуан тамырларды кейде бірнеше апта кептіреді. Кептіру кезінде шикізатты қалдағалап, жоқ дегенде тәулігіне бір рет аударып тұру керек. Өсімдікті арнайы кептіргіште кептіруге болады, ал қарапайым партияларды духовкада немесе қарапайым орыс пешінде кептіруге болады. Орыс пешінде көбінесе шырынды (сочный) жемістерді: раушан, таңқурай және т.б. кептіреді. Жемісті пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң ғана кептіруге болады, себебі, оған дейін жеміс күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температу 80 – 90оС болу керек. Жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Бұндай кептіруді егер ауа-райы өте қолайсыз болған жағдайда ғана жүзеге асырады. «Құрғақ ауалы жағдайға» дейін жақсы кептірілген шикізатта гигроскопиялық ылғалдың мөлшері 8-15% құрайды. Ол шикізаттың сапасына әсер етпейді. Жақсы кептірілген тамырлар шытынап сынады, сабақтары да сынуы керек. Нәрлі кептірілген жемістер қолмен қысқан кезде кесек-кесек болып қолға жабыспау керек. Кептірілген шикізатты дәріханаға береді. Өздеріне деп жиналған заттарды қағазға орап немесе мата қапшықтарда бірнеше жыл сақтауға болады. Өте көп сақталған дәрілік өсімдіктердің жапырақтарын, гүлдерін тіптен жақсы кептірілген болса да қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын олар қасиеттерін жоғалтады.
Дәрілік өсімдіктерді дайындаудың екінші бір жағын да ескерген жөн. Дұрыс жоспарланбаған және дайындықты ұқыпты, тиянақты өткізбеу жеке түрлерді ғана емес, кейбір жағдайларда түгелімен басқа түрлерді де өте үлкен апаттық жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Шектен тыс ұрықтарды жинау, өсімдіктердің жер асты мүшелерін, тамырларын және тамырсабағын жинау өсімдік популяциясының толық жойылуына алып келеді.
Бұл қауіп ареалдарды шамалы (көлемі) сирек түрлерге ғана емес, қарапайым түрлерге де әсер етеді. Мұндай қиындықтардан шығу үшін, дәрілік өсімдіктерді дайындау барысында барлық операцияларды қатаң бақылау керек. Дәрілік өсімдіктерді жинауға денсаулық сақтау қажеттілігіне және жеке қолданысқа дайындау арнайы рұқсатпен және бұл жұмыстың техникасына сәйкес білімі болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.
Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдық мөлшері туралы мәлімет (Егеубаева, Аверина 1999) № 1 кестеде келтірілген. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.
Ескеретін нәрсе, шаң басқан немесе әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.
Бүршіктерді ерте көктемде жинаған дұрыс, яғни наурыз (март) – суәр (апрель) айларында әрі таралмаған ісінген кезінде. Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұтақтардан алған дұрыс. Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ деңгейінде кесіп алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында немесе гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады. Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс.