Сүйіндік—Мақпал бәйбіше

Сүйіндік—Мақпал бәйбіше 
ол заманда Арғын Сырдарияның күнбатысында жүреді екен. Арғын дариядан өтіп, Қаратау жайлайды деген сөз естіле бастаған соң Қарақалпақ: «Арғын бұл жаққа келсе, таң атырып, күн шығармайды. өткелден өткізбейміз»,—деп, өткел аузын алып тұра қалды дейді. Сыр суында аяқтап өтетұғын өткел болмайды. Сонда Мақпал бәйбішенің астында тор жорға аты бар екен, нар жетелеп судан өтерде, қара шұбар манат белдемшесінің етегін жинап алады да, іркілместен аты да үйректей қайқаңдап, жүк-мүгімен нарлары да тұрып қалмай, байпаңдап өте шықты дейді. өткізбейміз деп тұрғандар ләм-мим дей алмады. «Пайпай, бәйбішенің бөксесіне болайын!»—десіпті. Сонда Мақпал бәйбіше:
«Күлсең күлерсің, күлерсің, Күндердің күнінде көбің, Езуің жия алмай жүрерсің. Бұл қай бөксе,
Айдабол шыққан бөксе,
Артың болса, Айдаболдай ұл тап!»—
деп жүре берген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *