Сары

Сары
Құлболдының қара шаңырағы Мамиттың кенжесі батыр
Барменнің Бәрменінде болып, оның кенжесі Сары байдікі болған. Кешегі Мұса Секербай заманындағы ата атанған. Жақсылар «қара шаңырақ» деп сол үйді атап жүретұғын. ол Сары байдың бәйбішесі—Қарашаш бәйбіше Қарауыл Сарының қызы еді. Шоқубай Тасбектің Тасбикемен бірге барып, қонақ болып, аттанарда Тасбекпен қош айтысып қалған бір ауыз өлеңі:
Торышым, аяңдай бер, алдыңда ел жоқ, Арқада Сарытайдай үлкен көл жоқ.
Көргенше, көріскенше, қош, аман бол!
Енді айланып келгенше кім бар, кім жоқ?!
Тұлпардың қатыны қалмақ қолына олжа болған. Қатынын іздемекші болған соң Күлік ағасы, Айдабол інісі: «Екеуіміз екі қыз алып берейік. Іздеме, қатын соңынан барма!»—деп, екі қыз алып берген.
Күлік алып берген қыздан екі бала туады: Байкүшік, Болат. Айдабол алып берген қыздан екі бала туады: Даутей, Сарша. Тұлпар өлген соң Даутей, Саршаның шешесін Жанғозы алады. Жанғозы алған соң Сары туады. Сарының шикілік жері—оны тапқан қатын белгілі, таптырған кім екені белгісіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *