Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігін — оның мемлкетаралық қатынастағы егемендігі. Қазақстан мемлекетінің басқа бір мемлекеттің билігіне бағынбауы , оның дербестігін , сөзсіз сыртқы саясаттық құқықтық субьектілігін білдіреді. Ещқандай басқа мемлекеттің Қазақстаның ішкі істеріне араласуға құқығы жоқ, өйткені ол-егеменді ел.
Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының аумағын күшпен басып, қосып алу не ыдыратып жіберу халықаралық қауымдастық тарапынан елдің аумақтық тұтастығын қол сұғушылық және жалпыға бірдей халықаралық құқық принциптерін өрескел бұзушылық болып табылады. Қай жақтан шықса да мұндай озбырлық әрекеттердің кез келгеніне Қазақстан Республикасы өзінің қарулы Күштерінің барлық қуатымен тойтарыс беруге хақылы. Бұл –оның мемлекет ретіндегі егемендік құқы. Сондықтан Конституцияның 2-ші бабында Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғыомауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді -деп атап көрсетілген.
Конституцияда жарияланғандай Қазақстан басқа көрші елдермен татулық принципін сақтау және олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу , бірінші қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.
Біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну принциптері- Қазақстан Республикасының негізге алынатын конституциялық құрылысы елдегі ,билікті күшпен иемденіп кетпеуіне қоғам алдында кепілдік беретін принцип.
Респубдикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені оның бірден-бір басталуы –Казакстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Әйтсе де, бұл бидік өзінің бөлінуі принципне сәикес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарна бөлініп, олардың тежемелік әрі тепе –теңдік жүйесіне пайдалану арқылы жүзеге асырылады (Концтитуцияның 3-бабы). Осыған орай, Конституцияның Парламенттің, Үкімет пен Жоғарғы Соттың міндеттерімен дәл белгілеп шек қояатын және біртұтас мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үилесімді жұмыс істеуін қамтамасз етудегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі қисынды шешім тапқан.
Республика Парламенті белгіленген жағдайда ел Үкіметіне сенімсіздік білдіріп , Президентті қызыметінен босатуға қауіп төндіре алады. Президент өз тарапынан Парламентті тартып , Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға , Парламент тараып Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салынады және үкіметтің актілерін өзгертуге не тоқтауға құзыры бар.
Үкімет өздері ұсынған заң жобасы қабылданбаған жағдайда, Парламент Палаталарының бірлескен мәжілісіне Премьер-министрдің бастауындағы Үкіметке деген сенім мәселесінің қоюға құқылы.
Егемендіктің тағы бір белгілері: өз азаматтығының және басқа мемлекеттермен қарым-қатнас қабілеттілігінің болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азамааттық туралы заңда, басқа да құқықтық-нормативтік кесімдерде көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі, көптеген шет мемлекеттер мен елщілік қатнастарын жолға қойды.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңбасы, Туы, Гиміні бар. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Заңдарда оларды пайдаланудың тәртібі белгіленген