Оразкелдінің «Қаржас» аталуы
(І нұсқа)
«Толыбай» ұранды Қанжығалы дейді. Сол Қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншы заманында бір жаққа жорыққа бара жатып, бір көлдің басынан бір тірі еркек бала тауып алыпты. Аяғын апыл-тапыл басқан, тілі шықпаған баланың мойнында алтынды айкіл шұбар төсі бар екен асулы, ішінде бір алтын сақа бар екен. «өзіміз жолаушы, өзі қысқа қараған суық күн. Бұл қиын болды-ау!»—деп дағдарып тұрса, көз ұшында бұлдырлап қара-құра көрінген соң соған келсе, түйе екен, бақташысы бар.
—Бұл кімнің түйесі?—десе:
—Нұрфая бәйбішенің түйесі,—деген соң:
—Менің атым—Толыбай. Мына бала жолдан тауып алған олжам. Мойнындағы—баланың өзінікі, Нұрфая бәйбішеге бай лағаным. Екі баласына серік қылып, асырып алсын!—деп, түйе шіге беріп кетіпті.
Сонда түйенің үстінде жабуы бар екен. Басын қылқитып, түйе нің өркешіне тығып, ауылға алып келген соң Нұрфая бәйбіше:
—Бұл өзі олжалы келді, олжалдым,—деп, атын оразкелді қойыпты.
Сонда Нұрфая бәйбішенің өзінен туған екі бала: бірі— Қуандық, бірі—Сүйіндік. Қуандық марқа туған екен де, Сүйіндік кенжелеу туған екен. Қуандықтың алты ұлы ат арқасына мінгенде, Сүйіндіктің отауы сонда түссе керек.
Қайыр, Қуандық енші алысқанда, оразкелдіге таласады:
«Еншілес қылып, қара бауыр қылып аламын!»—деп.
Сонда Нұрфая бәйбіше:
—Екеуің таласпас нәрсеге таласпаңдар. Мұның өзінің алтын сақасы бар. Соны алып берейін. Жүз асықтың ішіне салып қаржысыңдар, алтын сақа қайсыңның қолыңа тоқтаса, мұны солайша алыңдар,—деген соң, Қуандық, Сүйіндік асық қаржысқанда, алтын сақа Сүйіндіктің қолына тоқтапты. Қуандық тұрып үлкендік зорлығын қылыпты:
—Мен жалаң қаржысқанға тоқтамаймын. Алтын сақаны иірісіп, алайық. Бүкесі—менікі, оңқа түссе, сенікі,—деп. Қуандық өзі иіріп жібергенде, оңқасынан дірілдеп тұра қалып, сонан оразкелдіні Сүйіндік алып кетіп, өзіміз Нұрфая бәй бішенің қойған атымен «оразкелді» дейміз де, басқа ел: «Асықтың қаржауына келген» деп, «Қаржас» атанып кеткен себебі сол.