Найман шалдан Сүгіршінің қалуы

Найман шалдан Сүгіршінің қалуы
(Х нұсқа)
Найманнан Қытай би деген жалғыз ұл екен. ол есейгенде Айшолпан деген қызды алып беріпті. Бірақ Қытай би жас өліп ке тіп, Айшолпан жесір қалыпты. Арғынның көп баласы әмеңгер лік ке аламыз деп таласқан екен. Айшолпан бір қошқар ды жетек тетіп, Арғын атаға келіпті. «Келін неге келіпті»,—деп Арғын кіші әйелінен сұраса: «Басына сауға сұрап келіпті»,— депті. «ол не дегені?»—десе: «Не дегені болушы еді, мына балаларыңыз оны аламыз десіп зорланып жүріпті. «Соларды тоқтатса!» дейді екен»,—депті. Сонда Арғын ата ойланып кетіп: «Жетектеген қошқары несі?» десе, кіші әйелі тұрып: «Құр қолға бата жүрмейді» деген бұрынғылардың сөзі бар екен деп, өзіңізге ала келіпті»,—десе: «олай болса, қалсын қошқары!»—депті.
Сөйтіп, Айшолпан Арғын атасынан өз басының еркін алып, үйіне келген соң Найман атасын бағып-қағып жүре беріпті. Атасының сындырған дәретін көріп, оның әлде де бір тұқым қалдырарлық дәрмені барлығын сезген Айшолпан елімен ақылдасып, өз төркіні жақтан бір жас қызды алып беріпті. ол әйелі сол жылы екіқабат болып, ұл туыпты. Найман шал бұны көріп, «Бір тұқым қалды ғой, Құдайға шүкіршілік» депті. Сонан ұлының атын Сүкірші қойыпты. Кейін ел «Сүгірші» атап кеткен екен. осыдан соң Найман шал дүние салыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *