Найман шал
(ІХ нұсқа)
Найман шалдың Шыбартай атты жалғыз ұлы бар екен. ол Найманның өзінен бұрын өліп қалыпты. Келіні атасының қолында оны бағып-қағып отырыпты. Бір күні осы келін атасының кіші дәрет алған орнындағы көбікті көріп: «Атам ның әлі де бір перзенттік қуаты бар екен»,—деп, оған келіншек алып беріпті.
Жасы тоқсаннан асқан шалдың жас иіс құшып, бой суытар кезінде, даусы оқыс шығып кетіп барып, жан үзіпті дейді. осыдан соң жүкті болған Найман шалдың жас тоқалынан туған жас баланың аты «өкіреш» қойылыпты. Атасына көрсеткен сыйына сай ел Найман келініне «Есті келін» деп ат беріпті. өкірештің жеңгесі (Найманның жалғыз ұлы Шыбартайдың әйелі) әлгі өкіреш ержеткен соң, соған тиіпті.