Найманның ұрпағы «Сүгірші» аталуы

Найманның ұрпағы «Сүгірші» аталуы
(ХІ нұсқа)
Найман өз өмірінде үш әйел алыпты. Бәйбішесі көп жыл тумаған соң, тоқал алыпты. одан Қытай туыпты. Жастай би болған соң «Қытай би» деп аталған екен. осы баласы 16 жасқа келгенде келіншек алып, бір-екі жыл өткен соң бала көрмей, өліп кетіпті. Сонан соң әйелі Әлпеш бикеш атасы Найманға өз төркінінен тағы бір жас тоқал алып беріпті. одан бір ұл туыпты. Атын Белгібай қойған екен. осы кезде Арғынның балалары жесір келіншекті аламыз деп таласып жүрген екен. Әлпеш бір өлең шығарыпты:
Қойды елім ұлдың атын Белгібай деп, Белгі боп атасынан қалды ғой деп. Бағамын осы ұлды Әлпеш өзім, «Құдайым тілегімді берді ғой!»—деп. Тиемін ержеткен соң осы ұлға, ойлама, таласқандар, шерлі ғой деп…».
Келіннің ақылды, данышпан екенін көрген Найман шал қатты разы болып: «о, Тәңірім, берген ұлыңа да шүкір, оны күткен келінге де шүкір, осы шүкіршіліктен басқа айтарым жоқ. Шүкір, шүкір!..»,—деген екен. ұлы бір жасқа келер-келместе Найман шал дүние салыпты.
Әлпеш айтқанына опа қылып, Белгібай ержеткенде: «өз қолымда бақсам да—ата баласы»,—деп, оған тиген екен, ұл туып ты. оның атын атасы айтқандай «Шүкір» қойыпты, кейін ел жағынан «Сүгірші» атанып кетіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *