Мемлекеттік орталықтана бастау

Повесте Февронияның қарапайым халықтан шыққандығы жөнінде жазылған және борттық жұмыспен айналысатын адамның қызы және қарындасы болған, олар жабайы аралардың балын жинаумен айналысқан, осыған қарап Февронияның таза халықтық медицинаны қолданғанын байқауға болады. Мемлекеттік орталықтана бастауына қарай медициналық қызмет те жинақтала бастады, қала тұрғындарын дәрілермен қамтамасыз етті. Қалаларда дәріхана ұқсас – «зелейные лавки» пайда болды, онда «зелейниктер» түрлі шөптерді сатумен айналысты және олардан дәрілер жасады. Орыс дәрігері Строгандық тұз дайындайтын жерде қызмет етіп жүріп грек емдік кітабын аударған, оны Орыстар «Строгандық емдік дәрілері» деген. Бұл кітап бізге дейін сақталынбады, бірақ кейінгі қол жазбаларда ескеріліп кеткен. Орыс фармациясы Хғ. Киев топырағына сіңген гректердің дәстүрлерінен шабыт алған, ол дәстүр орыс қауымында монғолдарға дейін сақталған. Орыс қауымдарының Византиямен байланысы үзілген соң, үш ғасыр бойы басқа жердің емшілерінің болмауы, орыс медицинасына қайта оралуына әкелді. XVғ. Ресей көрші батыс әлемімен қайтадан мәдени байланысқа шықты. Қайтадан латын және грек кітаптары аударыла бастады. XVғ. ортасында Галеннің Гипократты қатты сынға алған кітабы жарыққа шықты. Бұл еңбектің авторлық құқығы бекітілмеген, ғалымдардың айтуы бойынша бұл кітап XVғ. аударылған және сол кезде көшіріліп алынған кітап деседі. Сондай-ақ «Псевдоаристотельдік» кітап аударылған, Аристотельдің еңбектеріне ортағасырлық европалықтардың сындары жазылған. Орыстар оны «Аристотельдің қақпасы» деп те атаған; онда дәрілік өсімдіктер кірген және емдеу жолдары жазылған. Ал батыс европалықтардың «Аристотель қақпасына» антикалық тәжірибелерді ғана кіргізіп қоймай, соңымен қатар араб медицинасының жетістіктерін кіргізген. Ресейде православтық шіркеу «Аристотель қақпасын» еретикалық деп шешкен және 1551ж. оны қолдануға болмайды деген шектеу қойған, бірақ сонда да бұл кітап ұзақ уақыт бойы қайта көшіріліп және сол кездегі орыс дәрігерлеріне қатты әсерін тигізген.

XVІғ. Ресеймен Батыс Европаның байланысы жандана түсті. Мәскеуде Иван ІV жаңа «неміс» дәріханасын ашты, бұл дәріхана орыс тілінде сөйлей алмайтындар үшін «мылқау» дәріханасы еді. Кейін қолжазбаларды аудара түсті. Осы травниктер әлі күнге дейін белсенді талқыланатын еңбек ретінде танылған. Осы қолжазбалардың тізімі Санкт-Петербург, Мәскеу және басқа да ірі қалалардың библиотекасында жүздеп саналады. Бұл аудармалар екі европалық травниктерінен таралған деседі: польша тілінен латын тіліне аударылған (қазіргі таңда бұл еңбек жоғарып кеткен) және неміс тілінен аударылған, саксон травнигі 1492ж. Любек баспасынан шыққан. Ресейде дәрілік шөптерді кеңінен қолдану XVІІғ. ортасында патша Алексей Михайловичтің бұйрығынан басталды. Ол «Дәріханалық бұйрық» еді, сол кезден бастап патша сарайын және тіпті әскерді де дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз еткен. Ал 1654ж. Мәскеуде ресейдегі ең алғашқы медициналық мектеп ашылды, онда дәріханашыларды дайындады. Мемлекеттік дәрілік өсімдіктерді дайындау басталды; Сібір жерін жағадан ашып меңгіріп жатқан қазақтар мен қызмет етуші адамдарға сол жерде емдік қасиеті жақсы өсімдіктер табылса хабарлап отыруы керек еді. Арнайы «дәріханалық бау бақшалар» ашылды – бақтарда дәрілік өсімдіктерді өсірумен айналысқан. Мәскеуде олар бірнешеу болған. Петр І мемлекетті дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз еткен. Оның бұйрығымен «дәріханалық бау бақшалар» ірі қалалардағы әскери ауруханалардың жанында отырғызылған. Санкт-Петербургтың дәріханалық аралында үлкен үлгідегі дәріханалық бай пайда болды. Осы дәріханалық бақ Ресейдегі ғылыми ботаниканың орталығына айналды және әлемдегі ірі ботаникалық мекемеге айналды – КСРО ҒА Ботаникалық институты. Петр І бұйрығымен ірі дәрілік өсімдіктер плантациясы құрылды; Лубнадағы плантация осы күнге дейін сақталған. Жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді де кең масштабта қолданды. Крестьяндарға «ягодная повинность» деп аталатын жұмыс берілді, олар дәрілік өсімдіктерді жинаулары керек еді. Бұның бәрі кең масштабта таралған, 1754ж. медициналық канцелярия (Петр І кезінде «Дәріханалық бұйрық» деп аталған) шет елдерден дәрілік өсімдіктерді әкелудің қажеті жоқ деп шешті. Петр І құрған ғылым Академиясы өзінің қабырғасында белгілі ғалымдарды жинады, олардың қатарына бірнеше ірі жаратылыстанушы ғалымдар жиналды. Бірінші орыс фармакопеясына (латын тілінде 1798ж. шыққан) ғылыми Академияның экспедициясы кезінде табылған жаңа дәрілік өсімдіктер де кірді. XVІІІғ. соңында – ХІХғ. басында Ресейлік дәрілік өсімдіктерге қызығушылық артты. Н.М. Амбодик-Максимович өзінің көп томдық «Врачебное веществославие» деген еңбегін басып шығарды, онда көптеген дәрілік өсімдіктердің сипаты мен суреттері берілген. Атақты орыс аграномы А.Т.Болотов өзінің баспасынан шығып жүрген «Экономикалық дүкен» деген журналында дәрілік өсімдіктерді қолдану жөнінде 500 мақаланы жазған. Медико-хирургия академиясының профессоры А.П.Нелюбин екі томдық «Фармакографиясын» басып шығарды. Өкінішке орай ХІХ ғасырда Ресейлік флорадағы дәрілік өсімдіктерге қызығушылықтың төмендегенін байқауға болады. Бұл мемлекеттің орталықтарының дәріханаларын ғана дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз етуімен байланысты және жұмыстың жеке меншікке өтуіне байланысты болды. Дәрілік өсімдіктер орталық облыстарда және мемлекеттің оңтүстігінде мәденилене түсті; жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерден де дәрі жасала берді. Бірақ дәрілік препараттардың көбі дәріханаларға шетелдерден әкелінді. Орыс фармацевтикалық нарығын ірі неміс фирмалары жаулап алды, олар Ресейге дайын дәрілік препараттарды әкелген және сол жерден дәрілік өсімдіктердің шикізатын өңдеу үшін алған. Осы кезде орыс дәрілік флорасы кеңінен зерттеле бастады. Халық медицинасына көңіл аударылып қызығушылық артты. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін земский дәрігерлерінің көмегі тиді. Бұл мәліметтердің барлығы практикалық қолданысқа енбеді және ғылыми журналдардың беттерінде қала берді. Бірінші ұлы отан соғысы кезінде 1914-1918жж. орыс дәріханашылары өздерінің үйреншікті істерінен айырылып қалды. Жергілікті тұрғындарды және әскерлерді фармацевтикамен қамтамасыз ету қиындай түсті. Қатты қажеттілік туындаған соң мемлекет дәрілік өсімдіктерді іздестірудің жаңа жолдарын табу үшін, плантацияны кеңейту үшін, дәріні дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл жұмыс өзінің жемістерін әкелді: опиялық мак плантациясы құрылды, көптеген губернияда дайындайтын мекемелер ашылды, дәрілік өсімдіктерді жинаудың жолдары жарыққа шықты, құнды өсімдіктердің ресурстары табылды және т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *