Мемлекетте билікті бөлу теориясының нақтылы дәрежеде қалыптасуы. Билікті бөлу теориясы негізінде Еуропада буржуазиялық төңкерістер кезінде пайда болып, феодализмнің деспотиялық, шексіз билігіне қарсы бағытталған прогрессивтік идея болды. Монархтың тұқым қуалау арқылы қалыптасқан шексіз билігін тежеу, тосқауыл қою үшін ұсынылды және келешекте тиімді түрде іс жүзінде асырылады. Бірақ бұл идея ежелгі Эллада елінде, тұңғыш рет адамзаттың саяси-құқықтық тарихында Солонның жасаған реформаларында көрініс берген. Атап айтқанда, Солон Афинада мемлекет құру барысында 400-дік Кеңеспен ареопага оргындарын қалыптастырып, екеуінің бір-біріне тежеп, биліктің тепе-тең болуын жақтаған. Джон Локк, Шарль Луи Монтескье сияқты буржуазия идеологтері билікті бөлуді демкратияның дамуына тікелей ықпал ететін тетіктер ретінде бағалады. «Егер заң шығаратын және атқарушы билік бір адамның, немесе мекеменің билігінде болса, онда бостандық болмайды , себебі , бұл монарх, немесе сенат тирандық заң жасай бастайды …Егер сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктерден бөлінбеген жағдайда да бостандық болмайды». Ал, Барлыбек Сыртанов Қазақстанның саяси – құқықтық ой пікірінің тарихында тұңғыш рет «Қазақ елінде билік жүргізу закон шығаратын , орындайтын һәм сот болып тұрады. Үш билік бір-біріне т бағынбайды, бассыздыққа жол бермеудің белгісі болып тұрады», -деп Ш. Монтескье идеясын қазақ қоғамына пайдалануды ұсынды .
Билікті бөлу теориясы қазіргі кезде барлық демократиялық режимдегі мемлекеттерде қабылданған. Билікті бөлу жоқ мемлекеттерде құқықтық мемлекет құру мүмкін емес, бір адамның еркі үстемдік етеді, заңсыздықтың, бассыздықтың орнауына тікелей жол ашады. Үш биліктің бір-біріне ара қатынастары тепе-теңдік тежемелік қағида негізінде іс жүзінде асырылуы тиіс.
5. Мемлекеттің жек адам алдында жауаптылығы, адамның мемлекет алдындағы жауаптылығы. Мемлекет пайда болғаннан кейін өсе-өсе, үлкейе келе қуатты аппараты бар күшке айналады. Басқару, билік жүргізу барысында мемлекет халықтың бақылауынан шығып, ағылшындардың ірі ойшылы Томас Гобос айтқандай, ешқандай әрекеттермен шектелмейтін алпауыт күшке айналып, адамдарға үстемдік ететін құралға айналды. Бірақ, адамдар мемлекетті өздерінің өмірлерін қорғайтын, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін күш ретінде құрғанымен, олөзінің дегенін істейді, тырп етпей бағынуды талап етеді. Сондықтан мемлекет басқару үшін құрылған саяси жүйе ретінде өзінің заңсыз әрекеттері үшін жеке адам алдында жауап беруі қажет.
6. Плюрализм (көппікірлік)- құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде қоғамда еркін пікірталасқа толығынан мүмкіндіктер туады. Әркім өзінің пікірін еркін айтуға құқық бар және пікірталастың нәтижесінде әлеуметтік топтар, таптар, мүдделі азаматтар мемлекетке өз ойларын білдіреді. Батыс Еуропада плюрализм негізінде ірі социолог Фишердің страт теориясымен тікелей байланысты. Фишердің тұжырымдамасы бойынша қоғам әр түрлі мүделердің (кәсіби, мүліктік, білімдік, жас, діни, жыныстық т.б) үйымдасқан топтарынан қалыптасады. Оларды ұйымдастырған мүдделер қоғамда басқа мүдделі адамдар арасында еркін пікірталас тудырады.