Кәріжастың «Қаржас» аталуы және Сүйіндікбен еншілес атануы

Кәріжастың «Қаржас» аталуы және Сүйіндікбен еншілес атануы
(ІІІ нұсқа)
Мейрамсопының бәйбішесі ұлпая—Кіші жүз Құдыш бидің қызы. Сол Кіші жүзде Ақшаханның Бибігүл деген қызы бар екен. Қалмақтың бір мықты батыры: «Сен қызыңды маған бер, бермесең, сенің аулыңды шабамын!»—деп маза бермепті Ақшаханға.
Содан әкесі қызына жағдайды айтқан соң, қызы әкесіне:
—Мен қалмаққа бармаймын, маған пана, өзіңе қамқоршы болатын ер бар ма?—деп сұрапты.
Содан әкесі:
—Мынау орта жүзде өзіңнің жездең Мейрамсопы деген бар.
Балалары мықты, тұрақты жер, сол болмаса?!—депті.
Сонда Бибігүл:
—Қалмаққа керегі менмін ғой. Ер арасына бүліншілік болмасын. Мен сол жездемнің еліне кетейін. Мені жетті-ау деген кезде «қыз қашып кетіпті» деп қалмаққа хабарла!—депті.
Ақыры осыған келісіп, қыз Мейрам ауылына жетті-ау деген мезгілде «қыз қашып кетті» деп қалмаққа хабарлаған. Қалмақ қол жиып келіп, ауыл маңайынан із кессе, аттың кеткен ізі жатыр, ол кездегі тұлпар аттың ізі жерге білініп қалады екен. Сол ізбен қалмақ кісісінің жартысын тастап кетіп, аз адамымен қуады. Бір-екі күн жүрсе керек, қалмақтың бір ақылшысы: «Мынау қыз орта жүз Мейрам ауылына бара жатыр. Біз осы бетімізбен барсақ, Мейрам балалары ұстап алып, бәрімізді өлтіріп тастайды, одан да осы жерден қайтып, елге барып қол жинап, толығып келейік»,—дегенді айтады. осыған келісіп кейін қайтқан, бірақ артынан келе алмапты.
Сүйіндік жылқы ішінде жүрсе, бір салт атты кісі келе жатыр. Алдынан шығып тосса, бір бойжеткен қыз. Амандасқаннан кейін Сүйіндік жөн сұрағанда Бибігүл:
—Жездем мен апамды іздеп келем, шаруамды барған соң айтамын,—деген.
Сүйіндік Бибігүлді ертіп үйге келген соң әкесіне:
—Бүгін олжалы қайттым, әке!»—депті.
Сонда Мейрамсопы:
—Бүгінгі олжаң өзімдікі,—деген.
Бибігүл дем алып, тыныққан соң мән жайды жездесі мен апасына айтады. Сонда Мейрамсопы:
—олай болса, мен сені өзім алам. иншалла, төркініңе қорған да болармын,—депті. Сонда Бибігүл:
—Мен осы келгенде, ол елге қайтып барам деп келгенім жоқ. Жалғыз-ақ қояр шартым бар. Содан өтсеңіз, өзіңізге, өте алмасаңыз, бас еркімді өзіме бересіз»,—деп, келісіпті.— Шартым сол: сіз өзімнің мініп келген атыма ер тоқымсыз ырғып мінесіз, егер міне алмай қалсаңыз, менің басым бос!». Атты әкеліп тосқанда, бірінші ырғығанда мініп кетіпті. Әдет бойынша Бибігүл Мейрамсопының өзіне тиіпті.
Бибігүл анамыз аяғы ауыр болып жүргенде Мейрамсопы бабамыз қатты ауырады. Содан ұлпая мен Бибігүлді шақырып алып, бәйбішесі ұлпаяға:
—Мынау Бибігүлдің аяғы ауыр, мен болсам күннен күнге кемудемін. Енді саған айтарым—мен ол дүниелік болып, Бибігүл кейін босанып ұл бала тапса, мен кәрі, бұл жас еді, сол себепті «Кәріжас» қой, егер қыз болса, өздерің біл! Екінші айтарым—«Екі әйелдің баласы—екі рулы ел» деген және бұл әлі жас қой, отыра алмас. Егер ерге шығамын десе, еншісін өзің дұрыстап бер де, Кәріжасты алып қал! Қиямет күні сенің қолыңнан аламын. Ал Бибігүл, саған айтарым—сен ұлпаяның ақылымен бол және Кәріжасты ұлпаяға бер! Күндердің кү нін де өзіңе де, Кәріжасқа да қиын болар,—деген екен.
осыған үшеуі де уәделесіпті. Сол науқастан бабамыз жа-
зылмай қайтыс болыпты. Шешеміздің күні жетіп босанып, ұл бала тауыпты. Әркімдер атын қоямыз дегенде, ұлпая шешеміз: «Сіздер жолын ала беріңіздер, мұның аты кеше ғана әкесі қойып кеткен «Кәріжас» деп әйгілепті.
Келін-абысындар арасында Бибігүлді «тоқал пәлен-түген» деген әңгімелер шыға бастаған соң, ұлпая Бибігүлді оңашаға шақырып алып:
—Мынау келіндер мен абысындардың сұрқы жаман, бір күні жын соғып абыройымыз төгілер. Мен сені төркініңе жіберемін, еншіңді дұрыстап беремін! Мынау Кәріжасты алып қалар едім, өте жас-ты. Есейген соң өзіме табыс ет, мен өлсем, ағалары бар ғой. Мынау кешегі ақсақал ұстаған сақаны, мынау торғын орамалға ораймын. Екеуіміз екі саусағымыздан қан шығарып, мынау орамалға жағамыз—екеуміздің Құдай алдындағы антымыз. Кәріжас бізді іздеп келген күні «белгіңді бер!» деп, мен немесе ағалары сұрайды. Сонда берсін!»—деп екеуі келіседі.
Сонымен ұлдары мен келіндеріне ұлпая шешеміз айтып, Бибігүлді толық еншісімен төркініне апарып салады. Сол нағашысында ержете бастайды. Мұны сол елдің жастары кешегі қаңғып келген жетім еді, енді міне, абыройы бізден асып барады деген күншілдік пайда бола бастайды. Мұны Бибігүл шешеміз біліп, Кәріжасқа айтады:
—Сен атыңды әбден бапта, содан соң өзіме кел! Саған айтатын сырым бар, бірақ сен ешкімге айтпа!—деп тапсырады.
Атын әбден баптап болған соң:
—Шеше, мен болдым—деген. «олай болса, сен, Кәріжас, бұл ауылдың баласы емессің, орта жүз Мейрамсопының бала сы сың. Сенің ұлпая деген үлкен шешең, Қуандық, Сүйіндік, Беген дік, Шегендік деген ағаларың бар. Енді сен ағаларың мен еліңді тап! Мынау орамал бойыңда болсын! Сен барған соң «Кәріжас бол саң, белгіңді әкел!» деп шешең сұрар. ол кісі жоқ болса, ағаларың сұрар, сонда бересің»,—деп, жүретін жолын [ың] бәрін айтып, Кәріжасты түнде аттандырып жібереді.
Айту бойынша жүріп келе жатса, бір қалың жылқыға кездеседі, ішінде жүрген жылқышыдан жөн сұрайын деп Кәрі жас жылқышыға жолығып, жөн сұрайды.
Сонда жылқышы:
—Жөн сұрау маған лайық еді, сен менен бұрын сұрадың, мен Мейрамсопының баласы Сүйіндікпін, ал енді өзің жөнінді айт, кімсің дегенде:
—Мен де Мейрам сопының нағашысында жүрген Кәріжас деген баласымын»,—депті.
Екеуі құшақтасып, жыласып табысады. Сүйіндік енді апамнан «сүйінші» алайын деп, Кәріжасты ертіп әкеліп:
—Апа, сүйінші! Кәріжасыңды әкелдім,—дегенде, ұлпая ана мыз: «белгісін берсін!» депті. Сол уақытта Кәріжас орамалды береді. үлкен шешеміз қуанып, мәз болады. Бұл күні Қуандық ағамыз ауылда жоқ екен. Әбден жайғасқан соң Сүйіндік шешесіне:
—Мынау Кәріжасты маған еншілес етіп бер. Ешқандай кемшілік көрсетпеймін, інім де, балам да болсын!—деп сұ рапты.
Шешесі:
—Сенікі дұрыс, бірақ ағаң жоқ қой. Келсін, оған да осыныңды айт, түсінер. Ал қазір саған беріп жіберсем, ағаңның мінезін өзін білесің ғой, есімізді шығарар,—депті.
Қуандық та үйіне келіпті, әйелі болып жатқан жағдайды айтып: —Кәріжасты Сүйіндікке беретін болды,—депті.
Қуандық шешесіне барған кезде Сүйіндік пен Кәріжас та барып, сәлем береді. ұлпая анамыз Қуандыққа:
—өте қуаныштымыз, мына Кәріжас келіп, мәз-мәйрам болып жатырмыз,—дегенде, Қуандық:
—Әкенің үлкен мен ғой. Кәріжасты өзіме бер!—депті. ұлпая анамыз:
—Қарағым, сенің балаларың бар ғой, өзіңе серік, ер жетіп қалды. Мынау Сүйіндік болса, кемдік көріп жүр ғой және балалары болса жас. Кәріжасты осыған берейік, іні де, бала да болады,—депті.
Сүйіндік те ағасынан қиылып сұрапты. Шешесі:
Қуандықжан, екеуі де сенің інің ғой, Сүйіндікке бере ғой!— депті.
Сонда Қуандық:
—олай болса, екеумізге де жоқ қылып, қазір басын бір-ақ кесемін!—деп ашуға басыпты. Қуандықтың ашуын көрген соң ұлпая шешеміз:
—Енді екеуің де таласпа! Мынау орамалдың ішінде кешегі әкелерің ұстаған (сақа бар). осы сақаны мен иіремін. Мынау тәйтөріге, Қуандық, сен үлкенсің, таңдауын сен ал!—дегенде:
—Алшылы шігі, тәйкелі бүгі—менікі,—депті.
оған Сүйіндік:
—Аға, сіз әмәнда үлкендігіңізді салып, маған зорлық ете сіз.
Асық оңқа тұра ма, маған бір жағын беріңіз,—дегенде:
—Алсаң, оңқасын ал, алмасаң қой,—деп отырып алыпты.
Сонда ұлпая шешеміз:
—Таласпай-ақ қойшы, ағаң ғой. Құдай нағыз жазған болса, қайда кетер дейсің. Сен жұмсақ көңіл едің, Сүйіндігім! Құдай өзі шешер!—деп, көндіріпті.
Сақаны шешеміз иіргенде, оңқа тұрыпты. Қуандық шеше сіне: «Сен Сүйіндікке бұрылып, әдейі тұрғыздың, қайта иір!»— деп дау шығарыпты. Болмаған соң қайта иіріпті. Сақа тағы оңқа тұрыпты. Қуандық сөзге келместен кетіп қалыпты. Кәрі жас осындай даумен Сүйіндіктің еншісіне тиіпті. Міне, асық тың қаржауынан келген «Қаржас» дейтін әңгіме—осы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *