Кіші Арғын немесе Тәнбісопы

 [Кіші Арғын немесе Тәнбісопы]
Қаранайдың Нартайлақ деген бір ұлы болыпты. Балғаның өзі, бәйбішесі және онан туған ұлы Тай түгел өліп, Айсұлу мен Күнсұлу [деген] қыздары өгей ағасы Барғананың қолында қалып, жетімдік зарын тартады. Сөйтіп жүріп Нартайлақ пен Айсұлу бір-біріне ғашық болып, байланысады. Айсұлу жүкті болып қалады. оны сезген өгей ағасы Барғана Айсұлу ды Найманның жауыз қатыны бар бір жаман байына күңдікке сатып жібереді.
Екі-үш айдан соң барған аулында оңаша үйде Айсұлу толғатып, ұл табады. Айсұлуға байдың жауыз бәйбішесі көп қорлық көрсетеді. Айсұлу қорлыққа шыдай алмай, баласын сол ауылдағы Томан деген күң кемпірге беріп, Нартайлаққа тапсыруын сұрап, өзі буынып өледі. Нартайлақ баласын күң кемпірден алып, балдызы Күнсұлуға үйленеді.
Баланы әуелгі кезде жұрт «Тірі жетім» деп атаса, кейін «Саржетім» деп атайды. Сөйтіп, Нартайлақ батырдың бірінші әйелі Айсұлудан—Саржетім, екінші әйелі Күнсұлудан— Шақпақ (Айдарке). Шақпақты жұрт «Шақшақ» деп кетіпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *