Кенжеқара
Алтайдың балалары: Байбикеден—Алысай, жаңа алған қатыннан: Нұрбай, Аққоян, Әліке, Байдалы, Сайдалы. Кенже тоқалдан, бұл—тоқал Қанжығалы ысқақбайдың қызы, мұнан туған—Мойын. Бұл тоқал қалмаққа олжаға түсіп кетіп, қалмақтан келгенде бір бала көтеріп келіп, мұнда келген соң туған Алтай бабамыз «кенже қарам» деп айтқаннан «Кенжеқара» атанып кеткен.