Жалықпас, Қамбар, Шұбыртпай туралы
(ІІІ нұсқа)
Мейрамсопының бәйбішесі Кіші жүзде зор Тымақ байдың қызы екен. Соны ұзатып әкелгенде үш әйел ертіп келіпті. Біреу қызметші күңі Болатқожаның шешесі—Қарқабат. Анау екеуі—бірі жеңгесі, бірі сіңлісі әкеп-салып қайтатын. Бірақ қазақ пен қалмақтың шабыншылығынан ауып, Кіші жүз бір жаққа, орта жүз екінші жаққа көшіп, ел арасы алыстап, ұзап кетіп, әйелдер қайта алмай қалып, арада төрт-бес жыл өтіп, жас әйелдерге әркім бір қызыға берген соң екеуін де Мейрамсопы некелеп алыпты. Қыздан Жалықпас, жеңгеден Қамбар туыпты. Мейрамсопының өзі алған ана жеңгесінің ана жақтағы қалған күйеуінен бір баласы болған екен. Сол бала бір ашаршылық жұтта қаңғып, мұндағы шешесін тауып, Мейрамсопыға бұл да бала болып, сіңіп кетіпті. Бұрынғы аты Ертоғай екен, шұбырып келді деп «Шұбыртпай» атандырып кетіпті.
Сонымен, бәйбішенің төрт баласы Болатқожаға зорлық қыла бергісі келеді. оған Болатқожа да көнбей, «сендер төртеу болсаң, мен де төртеу» деп мына үш бұралқыны да өзіне баурап, ұйымдастырып, еншіге таласып, жылқысын бөліп, айдап қашыпты. Бәйбіше балалары қуып жетіп соғысқанда бұлар таспен, кесекпен атып бәйбіше балаларын жеңіп, аттарын алып, өздерін жаяу айдап жіберіпті. Сонан бәйбіше балалары: «Бізді таспен, кесекпен атып жеңді»,—деп, «Қарагесе» деп «Қаракесек» атандырып жіберіпті. Сондықтан Қаракесек деген ат осы төрт жалғызға ортақ болып кеткен.
Қайырлы күн! Білдей бір-бір қазақтың руы атанған аталарды бірде асыранды, бірде бұралқы қылып сипаттағаны несі? 1,Шұбыртпай емес Шұбыртпалы, 2,Шұбыртпалы атамыз үлкен құрық ұстап, арқаны шұбырғаны үшін солай аталыпты 3.Жалықпастың шын есімі Шындәулет мүмкін Шынқожа. сол таластан соң Жалықпас атануы