Жалаңаяқ Әздер
Жалаңаяқ Әздер жалаң бұт, жалаң аяқ жүреді екен. Бір үй тола отырған қыздарға:
—Қайсыңның үстіңе сиейін,—деп, тасағын ұстап шаптырамын дегенде, қыз біткен үркіп қашып шыққан екен де, бір қыз етегін тосып алдына отыра қалған екен. осы қыздан Көшен туып, «Көшен-Қарауыл» атанған.
Атығайдан—Дәуіт жалғыз. Дәуіттен он екі ұл туып, он екі атаның ұлы «Дәуіт» атанған. Ең үлкені—Дандай. «Дандайсыма!» деген сөз осыдан басталған.