Адам құқықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылыуы, мазғымас болуы және жариялық өкімет тарапынан тиімді қорғалуы. Бұл қағида негізінен XVII-XVIII ғасырларды Орта ғасырлық саяси-құқықтық жүйеге, әсіресе Еуропада кең етек жайған инквизицияға қарлысық білдіруден туындады. Буржуазяилық қатынастар қалыптасып келе жатқан Еуропа елдерінде жаңа күш, буржуазия табы биліке ұмтылу барысында адам құқықтарының аяққа тапталмай олардың мызғымас болып, ең жоғарғы құндылықтар екенін саяси-құқықтық ой-пікірден асқан мақтанышпен паш етті. Атап атқанда өмір сүру құқы, меншікке ие болу , жеке адамның құқықтарына қол сұқпау, дін, сөз бостандықтары, тең құқылы сияқты адамдардың құқықтарын табиғи деп жариялады, оларды қорғау, қамтамасыз ету адамның шыққа әлеуметтік тегіне баиланысты емес, адам болғандығынан қамтамасыз етілуі тиіс. Адам құқықтарының мызғымас болуы туралы тұңғыш рет Англияның «Еркіндіктің ұлы хартиясы» 1215жылы жариялауға ынта білдірді. БҰЛ Құжаттың бірнеше баптарында заңсыз қамалмау, заңсыз меншіктен айыруға болмайтындығы, еркін, ешқандай кедергісіз Англиядан кетіп және қайтып келу ( 39, 41-баптар) және тағы басқа нормалар енгізілді.
Кейінгі ғасырларда адам құқықтарының негізгі қағидалары « АҚШ –тың тәуелсіздік декларациясынан» ( 1776.4 шілде ) өзінің нақтылы шешімін тауып, кейінгі қабылданған құқықтық құжаттарға өзінің нақтылы шешімін тапты. Атап айтқанда 1789 жылы Франция ұлы төңкерістің « Адам және азамат декларациясы»: «Адамдар өз құқықтарында еркін және тең болып туылады. Қоғамдық айырмашылықтар тек қана көптің пайдасына негізделуі мүмкін», — деген норманы дүние жүзінде үлгі реттінде паш етті.
Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікірінде адам құқықтарының мызғымастығы, тиімді қорғалуы туралы илдеиялар негізінде ХХ ғасырдың басында тұңғыш рет « Қарқаралы петиясында» ( 1905 ) өзінің шешімін тапты. Адам құқықтарының табиғи екені және олардың ең жоғарғы құндылық болуы қажетілік туралы 1911 жылы ірі реформатор, Қазақстанның тұңғыш Канституциясының авторы, қоғам қайраткері, демократ Барлыбек Сыртанов (1866-1914) өзінің « Қзақ елінің уставында» нақтылы, консептуалдық мағынада жариялады. «Қазақ еленде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне қанына , тегіне, нәсіліне қарап адамдарға қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді. Қазақ елінде адам балалары бостандықта, тендікте һәм бақытты өмір сүруге құқығы бар.
Мұндай талаптар жалпы мемлекеттің адамның өмір сүруіне оның құқықтарын қамтамасыз етумен қатар, жағымсыз қасиеттері де өзінің функцияларына айқын көрініс береді. Атап айтқанда кеңес үкіметіндегі, сыбайластықты жемқорлыққа, адам құқықтарын аяққа таптау , заңсыз әрекетерге жол беру және тағы басқа көптеген бассыздықтар. Мемлекет және адамға тек қана билік жүргізу тұғырынан қарамауы тиіс, оның барлық қызыметі құқық шеңберімен шектеліп отыруы тиіс. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген А. Эсмен деген ойшыл аталмыш мәселеге мынадай пікірін білдірді : « Жеке құқықтардың жалпы сипаттарын тән бір қасиет бар: олар мемлекеттің құқықтарын шектейді, мемлекет белгілі бір салаларға араласудан сақтануы тиіс, жеке қызыметтілікке белгілі дәрежеде жол ашу тиіс».