Бура Найман
Найман деген малшының бір үйір түйесі болыпты. Түйелерінің ішінде адам алатын бурасы бар екен. Бірде кешкісін түйелерін жинап алайын деп барса, жылаған баланың даусын естиді. «Дауыс қайдан шығып жатыр»,—деп жан-жағына қарайды. Бағанағы адам алатын бурасының өркешіне кереғапқа салынған бала байлап кетіпті. Дереу сол арада түйені шөгеріп, кереғапты алып қараса, балпанақтай ұл екен. Қуанғанынан баланы алдына ала салып, үйіне келеді.
—Бәйбіше, көктен бала түсті!—дейді. Екеуі баланы өсіріп жеткізеді. Содан «Бура Найман» деген ру пайда болыпты.