Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар туралы аңыз

Болатқожа, Шұбыртпалы, Қамбар туралы аңыз
(ІІ нұсқа)
Мейрам бабамыздың бәйбішесі Алшын Құдыс деген байдың қызы екен. ұзатып бергенде бір күң беріпті. Сүйегі бітімі сұлу екен, аты—Қарқабат. Бәйбішесінен рұқсат алып, мұны да алыпты. Мұнан бір ұл туады, атын Болатқожа қойыпты және үлкен бәйбішесін ұзатып алып келгенде, енесі қарттықтан келе алмай, Құдыс байдың бір келіні ертіп келіп, жер алыс, екі араға жаугершілік болып, қайта алмай, оны да алып, онан бір ұл туады, атын Шұбыртпалы қойды және Мейрам бабамыз енші алған соң Алшын Сұртымақ деген бай өкіл атасы екен, соған барса, қанша малдарымен бір күң беріпті, қолғанат қыл деп. ол күң буаз екен, ұл тауыпты. он жасқа жеткенше мешел болып, борбайы жіңішке, қарны үлкен, арық болған соң, әркім «қарны Қамбардай» деп, сонан Қамбар аталыпты. «Қамбарсың, Қаракесекке жамбарсың» деген сөз—осы дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *