Биеші руы туралы
«он сан орта жүзге ұран болған—олжабай» деседі. Бұл сөзге дәлел боларлық әңгіме айтады. Бұрынғы қазақтың жорықшыл, жортуылшы болып жүрген күндерінде бірін-бірі таны май тұғын екі жау кездессе, қайсысы бұрын «олжабайлап» шапқа ны жойып, жеңістік алып кете береді екен. Бірінен-бірі естіп, құлағы естіген қазақ жауға шапса, «олжабай, олжабай!» деп шабатұғын болыпты.
Қазақ орысқа қарамаған күнде Айдабол ішінде Құлнияз, Бабыр аталған екі рулы елдің жылқыларын жау алыпты. Қазақ отыра ала ма? Тайлы-таяғына шейін қалмай жабыла қуып ты. Сонда жауға шапқанда «Құлболды, Құлболдылап» шауыпты. Сонда жау қуып жеткендерін қызыл көтен қылып түсіріп, қиратып барады дейді.
Қуғыншылардың ішінде Құлнияз ұрпағы, Құнды баласы Байдалы бар екен. Аты жүйрік болмағандықтан жігері құм болып, кейінгі қуғыншылардың ішінде келеді екен. Құлболды: «Жолы қызыл жосын қан болады дейтұғын, «олжабай, олжабай!» деп шаба көріңдер!»—деген соң: «олжабай, олжабай!» десіп шуласыпты. Сүйтсе, Бабыр ішінде түбі, тегі—сарт бір биеші, сауып жүрген бір құлынды биеге жайдақ міне салып шапқан екен. «олжабай, олжабайлап» барып жауды жайра-
14-85
тып, қалғаны тым-тырақай қашып, жұрт жылқысын аман айырып алып қалыпты.
«Жауды түсірген кім?» дегенде, «Бір биеші» делінгеннен, «Биеші» атанып, осы күнде соның ұрпағы «Биеші балаларымыз» деседі.