Апай—Бөрі
(І нұсқа)
Атбасарға жер ауып барған бір қария: «Бәсентинмін, Қызылағаш болысынікімін»,—дейді. Баласы қасында, дұрыс ескі сөз білетұғын кәрі құлақ қария екен.
ол сөйледі:
—Биыл оған он тоғыз жыл болды. Бөрі—Бәсентин Есенаман байдың әз аты,—дейді.
Есен-аман әз атын шығарған толық бай кісі екен. Жалғыз баласы Ботасқа енші беріп, қой қосақтатып жатқанда бөрі тон ды, бөрте атты бір жалғыз жас бала жігіт үй сыртынан келіп сөйлес қылыпты.
—Жөніңді айт, кімсің?—дегенде:
—Атым—Келімсек, жалғыз балаңа енші беріп жатыр деп естіп, қосағының басында ие болайын деп, өзіңе бала болайын деп келдім,—депті.
Сонан соң бай ырым көріп, асықты жілік ұстатып, бала қылып, атын Бөрі қойыпты. осы күнде «Апай-Бөріміз» десіп келеді.