Айдабол, Қаржас—емшектес
(ІV нұсқа)
Көшкіншілік-үркіншілік кезінде Мейрамсопыдан туған Қуандық пен Сүйіндік бір бала тауып алады. Балаға екеуі тала- сып, бір пәтуаға келе алмайды. Сөйтіп, шешесі Нұрпияға жүгінеді. Нұрпия ана асық қаржылаңдар (иіріңдер) депті. Қуандық жасының үлкендігіне, мінезінің адуындығына бағып:
—Алшы түссе де, тәйке түссе де, бүк түссе де, шік түссе де— менікі,—деп отырып алыпты.
Сүйіндік шешесіне шағынып:
Апа-ау, осындай да қиянат бола ма екен?—десе, Нұрпия шешесі:
Балам, бұйырғаны болар, асықтың «омпа» деген бесінші жағы да бар емес пе?—депті. Содан, асықты қаржып жіберген де омпа түсіп, бала Сүйіндікке бұйырып, сол баланың «Қаржас» атануы—осыдан еді дейді.
Бұл кезде Сүйіндіктің әйелі жас босанып отырса керек, Айдабол деген баласы бар екен. Жас ана Айдабол мен Қар жас ты қатар емізіп өсіріпті. Әлгі «Айдабол, Қаржас—емшектес» де ген сөз содан қалған дейді. 