Ұлы жүздегі «Үш тамғалы» Сіргелі руларының шығу тарихы
(ІІ нұсқа)
«ұлы жүзде бері келе Бақтияр деген атадан екі бала болады»—деп еді. үлкені—ойсыл, кішісі—үйсін. ойсылдан «үш тамғалы» мен «Сіргелі» тарайды. ойсылдың отыз ұлының бірі—Бораш батыр екен.
Бораш кезінде ру көтеріп, жау басқыншыларға қарсы бірнеше жорық-шабуылдарға шығыпты дейді. Тағдырдың жазуымен Кіші жүздің ханы Жәнібектің (қай Жәнібек екені әзір ге белгісіз) әскерін басқарып қалады. Жәнібек жалғыз қыз дан басқа перзент көрмеген дейді. Қызы бойжеткен күндердің бірінде Бораш пен қыз бірін-бірі сүйіп, тіл табысып, екеуі үйленбек болады. Табиғат заңы бойынша, жастықтың әсерімен екеуінің тәндері де жақындасып, қосылған екен.
Мұны қыз әкесі білмейді. Қызының қатардағы адаммен сондай уәделестігін естігенде хан ашу шақырып, ызадан жарылып (өртеніп) кете жаздайды. Себебі «ақ сүйек—хан тұқымы» қыздарын «қараларға» әйелдікке бермейді екен. Не істерін білмеген хан бас уәзірімен оңаша отырып ақылдасқан екен.
—о, хан ием, бұл істі көпке жария етпей, ойсылдан тара ған әулетті бір түнде құртып шығуға болады,—депті бас уәзір.— Егер ашық іске кіріскенде ұлы жүз ауқымды, іргелі ел ғой, оған күшіміз келе ма, жоқ па? Мұны «шариғат жасына» туралайық. Біз қызымызды Борашқа береміз, ойсылдан тараған еркек кіндіктілер құдалыққа келсін. Қызымызды отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап ұзатамыз,—деп хабарлайық дейді.
Қырғиқабақтың (бас уәзірдің ел қойған аты) бұл ақылын хан мақұлдап үлкен, кең алқапқа қырық үйді жалғастыра тігеді. Бәрінің шығар есігі біреу-ақ. Тосын хабарды қуана қарап алған ойсыл әулетінің еркек кіндіктісі түгелдей атқа қонып, сол түні хан ордасына жетеді. Мейман күту, құда түсу рәсім, салтдәстүрлері басталады. Әрине, құда күтушілердің сырттары күліп тұрғанмен, іштері түнеріп тұр еді.
Ел дастархан басына отырып болған кезде далаға байланған ойсыл әулетінің аттарының тартпа-бау, айылдарын, үзеңгі бауларын кесіп, тізгіндерінде шолақ етеді. Алдын ала даярланып қойылған бірнеше топ баскесер—жасауылдар үйден шыққандардың бастарын кесе береді. Солайша ойсыл әулетін бір түнде қырып болған хан Жәнібек оған қосымша бұйрық жариялайды: «ойсыл әйелдерінің жүктілеріне тыңшы қойылсын, егер ол әйел ұл туса, сол кезде-ақ өлтірілсін, қыз тапса, тимеңдер!».
Ханның бұл қаралы бұйрығынан соң жесір қалған ойсыл әулетінің әйелдері төркіндеріне кете бастайды. ордада тек «алтын қайшылы Ізбике» атанған Бораштың бәйбішесі ғана қалады. Пұшпағы қанап көрмеген Ізбике қолы ісмер, аса өнерлі пішуші, тігуші атанғандықтан, орда адамдарының киімде рін әсемдеп тігіп, хан иесіне жағымды болып қалған көрінеді. оны «қайшылы Ізбике» деп те, «қайшылы кемпір» деп те атайды екен. Ізбикенің күндесі Бораштың екінші әйелінен (жалайыр руының қызы) Тола, Нан деген екі ұл туады. Жасырын өсірген екі ұлдың бірі Толаға өзі ие болып, Нанды Ізбикеге әкеліп: «Мынаны ал да, өзіңе бала етіп, бауырыңа сал!»—деп тастап кетеді.
Хан күмәндәніп жүрер деп сескенген Ізбике Нанды: «Мына баланы жаугершілік болған жерден тауып алып едім, өлсе, обал болар, асырап бер, ақыңды төлеймін!»—деп бір әйелге береді.
Бұл шақта хан дүниеден өтіп бұйрығы күшін жойды ма, кім білсін, әлгі әйел Нанды асырап, адам етіп, ер жеткізіп Ізбикеге қайтарыпты. «Қайшылы кемпірдің» тәлім-тәрбиесінде өс кен Наннан тараған ұрпақ өсе келе ұлғайып, «Қайшылы» деген ел атанады.
Наннан—Сауқым сопы. Бұл кісі—Қайшылы руының арғы атасы. Күндердің-күнінде айы-күніне жетіп толғатқан хан қызы ұл табады. Бойына Бораштан пайда болған нәрестенің кіндігін өзі кесіп, ешбір жанға айтып, көрсетпей, оңашада құндақ тап, асылы жерде жатсын деп, қойдың қиының арасындағы көңнің ішіне апарып қояды. оны өлтіруге көзі қимаған хан қызы Ізбике апасына келеді:
—Тағы бір сорлы перзент дүниеге келді, өлтірсең де, адам етсең де, өзің біл деп»,—хан қызы ұлды Ізбикеге қалдырып кетеді.
Ізбике ана ол баланы да: «Жаугершіліктен қалған болу керек, баласыз едім, осыны маған бала етіп асырап берші, ақыңды жемеймін!»,—деп тағы бір әйелге жасырын түрде өткізіпті дейді. ол әйел баланың жайын білген соң оның атын «көңнен шыққан Көңірдек» қояды.
Көңірдектен рулы ел таралған. уақыт алға зымырап Нан мен Көңірдек Ізбике ананың қолында ер жетіп, есейген шақта мынандай хабар жетеді: «ордадағы бәйбіше едің ғой, мына ойсылдың бір ұлынан туған Тұрымбет есейіп қалды. өзі ақылды, зерек ынталы болғанмен, ойнап жүріп балаларға тиісе беретін ұрыншақ, тентектігі де бар. Ашынып ыза болған біреу мұның ойсыл әулетінен екенін ханға жеткізсе, басып кесіп, көзін жоғалтады ғой, осыны амалдап, қарауыңа алсаңшы!» Бұл Тұрымбеттің нағашыларынан келген хабар еді.
—Жарайды,—депті Ізбике.—ол баланы жасырып атпен қайыршы етіп жіберіңдер. Тек өз атын атасын. «Әкем де, анам да жоқ, кешегі өткен жаугершілікте қаза тауыпты. Әркімнің есігінде жүрдім. Әке-шешемнің кім екенін де білмеймін. өз атым—Тұрымбет десін»,—деп келісіп қояды.
Ізбике ана жерошақ басында сүт пісіріп отыр еді, қасына бір «қайыршы» бала келді. Кездес жоғарыда келісілгендей болып шықты. Баланы тамақтандырып, аржағына ел қондырған соң оған үй іргесіне апарып түйенің қомын төсеп беріп, дем алғызған Ізбике ана Тұрымбетке мал баққызып қояды. Күндердің күнінде Ізбике ана хан Жәнібекке бір ұсыныс жасады:
—о, алдияр тақсыр! Сізге айтатын бір шаруам бар.
—Айт, айт бәйбіше,—деп хан оны жылы жүзбен қарсы алады.
—Мына Тұрымбет жетім бала еді,—деп бастаған Ізбике оның «өмір тарихын» баяндай бастайды.—Кім білсін бейшара қарадан туды ма, төреден туды ма, онысы беймәлім. Бірақ та өзі өте зерек, ақылды. Елде сөз бар ғой: «Туғаннан бере ме, тұтынғаннан бере ме жақсылықты» деген. Маған сенсеңіз, жаман адам шықпайды бұдан. осы баланы жілік ұстатып бала тұтынсаңыз қайтеді.
Біраз күн ойланып барып хан Тұрымбетті бала тұтынады.
Әскер басыларын жиып алған ол:
—Мына Тұрымбет менің балам, бұған соғыс ілімін үйретіңдер,—депті.
Бірнеше айдың ішінде-ақ соғыс өнерінің бәрін де үйреніп, өз ұстаздарынан да асып түскен дейді. Тұрымбет жүре келе ханның ойына тағы бір арамдық туды:
«Қайшылы кемпір осыны тым айналып, үйіріліп кетті-ау! Тұрымбет ойсылдың біреуінің баласы емес пе екен? Бір күні мені құртып, хан тағынан дәмелі боп жүрмесіне кім кепіл? Мен оны ту ұстайтын тубегі етіп жариялайын. Жау қолы әуел бастан-ақ ту ұстағанда нысанаға алады ғой. Мерт болса, сонда- ақ мерт болсын!»—дейді.
Ханның арам пиғылы жүзеге аспай Тұрымбет дін-аман ер жетіп, үйленіп одан «Ту тамғалы» руы тарапты….
Хан Жәнібек дүние салған кезде қанды қырғыннан қандайда бір себеппен тірі қалған ойсылдың отыз ұлының бірі Кіші жүздегі он екі ата Байұлы руларының бірінің қызына үйленген еді. Кейбіреулер оны Бораш алған әйелдердің бірі еді дейді. Сол әйелден туған ұл да нағашыларында жүріп ер жетіпті. Байұлы ынтымақты ел екен.
Ел жақсылары ойласып:
—Қой, енді жиенімізді үйлендіріп отау тіккізейік, қасиет ті тұқымнан тарағандардың бірі еді ғой. өз елі ұлы жүзге апарып қосайық,—деп келісімге келеді.
Бұл пікірлерін орда төңірегінде отырып қалған Ізбике анаға да хабарлайды. ол:
—Жарайды, айналайындар! ойсылдың аруағы қолдасын, келе берсін!—дейді. Байұлы елі жиендеріне отау тігіп, құлкүңдерін беріп, қаншама мал айдатты: жылқы, сиыр, түйе. Мал төлдері жолда енелерін еміп қоймасын деп, құлын, бұзаулардың тұмсығына сірге тағып, байлады. Бұлар содан «Сіргелі» руы атанды. 