
Ақбура Есен тентек жолаушы болып бір ауылдың сыртына түсіп отырса, бір бала жүгіріп келіп қасына отыра қалыпты. Қоржынының аузын сөгіп балаға үш құрт алып беріпті. Бала құртты алып, ауылға қарай жүгіріпті.
Есен тентек өз қоржынын өзі пышақпен жарып, құртты жерге төге салып, баланы қуып барып, жатып жабысыпты. «Менің қоржынымды жарып, үш құртымды алып қашты»,—деп, даулап үйіне сол баланы алыпты. Атын үшқұрт қойыпты. Есен тентек өз балаларынан артық ұстап, бала жігіт болған соң Есен тентектің бір тоқалын меншіктеп кетіпті. Есен тентек баланың бетін қайырмай тоқалын өз қолынан соған қосыпты. үшқұрттан туған баланың аты—Айтқожа, онан туған—Байсалбай. Бұл Байсалбайдан: Қалша, Баутан, Байтақ, Күлік би,—дейді айтушылар,—Төкей болса керек дейді.