Қуандықтың алты баласының «Қаракесек» атануы

Қуандықтың алты баласының
«Қаракесек» атануы
(І нұсқа)
Мейрам сопының қайыны Алшын Құдысбай екен. Қалыңдығының аты Нұрфая екен. өзін қыс ішінде ұзатыпты. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалған екен. «Бикешке шешесінің жоқ тығын білдірмеймін» деп, Нұрфаяның ағасының қатыны— жеңгесі еріпті.
Түйенің басын жетектеуге бір жетім ертіпті. Көш ілгері кетіп, күйеу жігіт артта қалып, көштің ізімен келе жатса, көште гі үш әйел түзге отырыпты. Ат үстінде келіп:
—Жолшыбай түзге отырған кім болды?—деп, қараса, біреуінің сідігі тонды бір қарыс айырып жіберген екен.
Түнде қойнында жатқан қалыңдығы Нұрфаядан сұраса:
—ол Қарқабат еді. ол отыра қалып күрілдеткенде, қасын дағы өзіміз де шошып қаламыз, ат та тас-талқан болып үркеді,—депті.
Елге келіп орныққан соң, екі елдің арасы жау болып, қайын сіңлісін ертіп келген қатын еліне қайта алмай қалыпты. Сонан соң Нұрфая:
—Ағамның төсі тиген жеңгем еді, басқаға қимаймын!— деп,—өзің ал!—деп, Мейрамның өзіне алғызыпты.
—Мына күңді де өзің ал, жатыры асыл, өсіп-өнейін деп тұр. Бір жұрттан келген үш ұрғашы—өлсек, тірілсек, бір жерде болайық!—деп, оны да алғызыпты.
Нұрфаяның өзінен Қуандық, Сүйіндік туады. Жеңгесінен Бегендік, Шегендік туады. Күңнен Болатқожа туады. Бесеуі де өсіп-өніп: «Бес Мейрам» аталған—осылар. Күңнің аты Қарқабат екен. өмірінде Мейрам бабамыздың етіне су, табанына сыз тигізген жоқ екен. отын тергенде, қу көдені көп қылып қоса алып келіп, табанының астына төсейді екен. Құманды түнде қойнына алып жатады екен. Суға түскен сайын:
—ой, көсегең көгерсін!—деп, алғысты көп айтады екен.
Бұрынғының: «Алғыс түбі—ақ май, қарғыс түбі—қара қан» дейтіні сондайды көргендіктен айтқан.
Қуандық марқа туыпты. Сүйіндік ұмытыңқырап кетіп, екі арасы тым алыс, кенжелеп туыпты. Қуандықтың алты баласы ат арқасына мініп, соңына еріп, жасаққа шығуға жарағанда, Сүйіндіктің отауы сонда түсіпті. ұлы жүз—үйсін өгіз бидің қызы екен дейді. «Сонда бұл қыз—дейді,—жеңгесі ертіп келіп, еліне қайта алмай қалған екен». Мейрамсопы ертерек өліп қалып, Нұрфая бәйбіше көп заман «бес берекенің біріне» қосылған бәйбіше болып, халқына ұйтқы, құт бәйбіше атанған екен. Қара мал еншісі бөлек, басқа екен де жылқы үлеске түспеген екен. Сонда Қуандық жылқыны үлеске салып, енші бөлуге келгенде:
—өзім—бір сыбаға, алты балам—алты сыбаға. Қара шаңырақтағы қалғандарың—бір сыбаға!—депті.
Сүйіндік Болатқожаны оңаша шығарып алып:
—Мына Қуандық алты баласын арқа тұтып, маған көптік күшін көрсетті. Сен маған жақтасып, жасаққа шықсаң, қалай болады? Сен маған болыссаң, мен өлмей артық мал бергім келмейді,—дейді.
Болатқожа Сүйіндіктің қолындағы жеңгесін сұрайды. Сүйіндік айтады:
—өзің қыз аламын демесең, сенен бір таңбалы байталды аяймын ба? Қазір алсаң да, ешкім таласпайды.
Жеңгесін беріп, Болатқожаны өзіне ертіп алып, Қуандыққа қарсы жасаққа шығады. Қуандық та келеді. Алты баласы қасында. Алты ұлдың кенжесі—Сүйіндікпен тұстас Қуандық, Сүйіндік арасы сирек туған. Сонда Болатқожаның істеген жұмысы: жерден алты томар шымды қопарып жұлып алып, Қуандықтың алты ұлын алты шыммен ұрып жығып, Қуандықтың өзіне жетіп айтқан:
—Сөзге көніп, түзулікке келесің бе? Болмаса, балаларыңның қасына қосайын ба?—деген соң, Қуандық:
—Сен бәрімізден кіші босаң да, сенің ырқыңа көнбеске бол мады. Бұрынғылар айтқан сөз бар еді: «Қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой, Жасы кіші деме, ақылы асса, аға
12-85
қой!» деген. Енді мен аға емес, сен аға болдың. Жылқыны қалай бөлсең де, билігін саған бердім!—дегенде, Болатқожа айтты:
—Мына жақтан, жылқының ортасынан қақ жарып жүремін. Сен аға едің, таңдаған жағын сен ал, қалған жағын Сүйіндік екеуміз алайық!—деген соң, «алты сыбаға» артық алмақ былай тұрсын, жанынан қайғы болып, қорқып тұрған Қуандық қорыққаннан:
—Құп болады!—деп көніпті.
Айтқанындай, қаптап, жер қайысып жатқан жылқының ортасынан қақ жарып жүріп бөліп берген. осылай бөлген соң Сүйіндік Болатқожаға өкпеледі дейді:
—Сені мен жеңгемді беріп, өзіме тартқанда, істегенің осы ма? өзің екеуміз бір-ақ сыбаға болып қалдық және жылқының көп жағын ол алып кетті!—деп.
Сонда Болатқожа айтты:
—Жылқының бытырап жатқан жағын алды. Артық болса, бір-ақ айғырдың үйіріндей артық шығар. ондық ағалығы жоқ па? Біздің тумаған күнімізде ол бізден бұрын еңбек сіңірген шығар!—деп, Сүйіндікті сөзден тоқтатып қойыпты.
Артынан санап тексере келгенде, Болатқожаның айтқанын дай бірлі-жарым айғыр үйірі ғана артық болып шығыпты. Еншіні екі ағасына Болатқожа бөліп берген екен. «Сонан кейін Қуандықтың алты баласын алты шыммен ұрып жыққаннан, кесекпен ұр[у]ды, кесекпен ұрғанды шығарғаннан «Қаракесек» атанып, «Болатқожа» атынан «Қаракесек» аты даңқты болып кеткені—сол» дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *