Қоралас руының тегі жайлы
Аппақ ишан ел-елді аралап, ислам дінін үйреткен. ишанның қасында Тақсырқожа баласы, діндар емші Алдияр деген кісі бірге жүрген. Күндердің күнінде жолы түсіп, қожалар Ботбай ауылына келеді.
Ботбай ишанды үлкен құрметпенен қарсы алып, ауылында үш ай ұстап, қонақ қылады. Сонан бір күні бай елін жинап, ишанға малдан нәзір береді де: «Тақсыр ишан, сізбен құдандалы болайын, мына қызым Калкунды қалыңсыз сіздің жолыңызға қидым»,—дейді. Аппақ ишан жанындағы Алдияр қожаға Калкун қызды тапсырады. Сол күннен бастап Алдияр қожа Калкунмен бірге тұра береді. Жолдастарымен қыруар олжамен еліне қайтады.
Алдияр қожа емшілік жұмысымен айналысып, бір жылдан астам уақытқа Ботбай ауылында қалып қояды. Алты айдан соң Ботбай ауылына қалмақтар шабуыл жасап, бар малын айдап әкетеді.
Сол шапқыншы қалмақтармен соғыста Ботбай ауылының көп адамдары қырылып, солармен бірге Алдияр да қаза табады. Жаугершіліктен кейін Алдиярдың әйелі Калкун әкесі Ботбайдың үйінде ұл тауыпты. Бірақ көп ұзамай Калкун қайтыс болған. Жаңа туған сәбидің атын Ботбай «Қоралас» қойып, бәйбішесінің қойнына салып, тәрбиелеп өсірген. Қораластан екі бала: Қарақойлы, Қарақосай дүниеге келді.