Сіргелі тайпасының шығу тегі жайлы

Сіргелі тайпасының шығу тегі жайлы
(ІІІ нұсқа)
Жәнібектің бір ерке қызы бар екен. Сол қызға ойсылдың ең кенже ұлы Бораштың көңілі ауады. Кенже ұлдың сотқарлау келетін әдеті бар емес пе?! Байлығы тасыған әкенің, кілең «сен тұр, мен атайын» деген сайдың тасындай батыр ағаларының арқасында Бораш тіршілікке мойын бұрмай, ел қыдырып, үнемі серілік құрып жүреді екен. Сөзге көсем, тілге шешен Бораш әу дегенде-ақ ханның сұлу қызын өзіне қаратыпты. Сөйтіп, бірбіріне ынтық болған жастардың тілегі ақ неке дәстүрін аттаумен аяқталыпты. ол заманда ата-ананың рұқсатынсыз жасалын ған мұндай іс кімге болса да қылмыспен бірдей саналған. Сөй тіп, ел ішінде қалыптасқан қатал заңды аяққа таптап, іңкәр сезімнің жетегіне еріп қалған екі жастың тағдыры осылайша тығырыққа тіреліпті. өйткені хан қараға қыз бермейтін кер заманның жұртты «ақсүйек», «қараша» деп бөлінетін таптық салты екеуінің қосылуына кедергі жасапты.
Хан қызының аты—Жанбике еді. Сол Жанбике бөтен көзден таса, келесі бір құпия кездесуде Борашқа бойына бала бітке нін сездіріпті.
Албырт Бораш мұны естіген соң әкесі ойсылдың алдына келіп құлады:
—Әке, сіздің алдыңызды орадым. өйткені сіз алдымен біреумен төс қағыстырып, құйрық жесісіп, құда болуыңыз керек еді. осыдан кейін ғана қалыңдық менікі болуға тиіс-тін. Бі рақ болар іс болды. Ақ шымылдықсыз, қызмет көрсетер жеңгесіз мен екінші біреуге ие болдым. Ер жігітке екі әйел көптік қылған емес қой. Бірақ сізге келін—маған екінші әйел болатын адам өзіміз секілді қарашаның қызы емес, ханның қызы. Қыздың аяғы ауыр. Халы мүшкіл! Ханға кісі жіберіп, құда түсіңіз. Төре болса, төбеден түскен жоқ қой. өзіміз секілді ол да екі аяқты пенде. Жағдайды түсінер,—деді.
Қарт ойсыл ойлады:
«отыз ұлым атқа қонса, жер қайысқан қол емеспіз бе? Артымнан шұбырған немерелерім анау, бәрі де отау иесі болып қалды. Сай-тасқа сыймай, шашырап жатқан малдарым мынау, жеті жұт қатарынан келсе де қырып тауыса алмас. Шүкір, өз атақ-даңқым да өрге домалап тұр. Інім үйсіннен тарағандар да бір табын ел. Ендеше менің ханнан қай жерім кем. Жәнібек те жан-жағын терең ойлайтын кісі емес пе? Біріміз хан, біріміз қара болғанымызбен, даңқ-дәрежеміздің бірдейлігін еске алар. осыны ойласа, құдалығымызға қарсы болмас…»
Сонымен ойсыл хан Жәнібекке бар жағдайды айтып, кісі салды.
Қызының төре тұқымына қызмет ететін қарамен көңіл қосқан уәделестігін есіткен Жәнібек ашуға бой ұрып, бас уәзірі Қырғиқабаққа ойсыл әулетін құртуды тапсырады.
оған Қырғиқабақ:
—о, хан ием, бұл істі көпке жария етпей, ойсылдан тараған әулетті бір түнде құртуға болады. ұлы жүз ауқымды, іргелі ел ғой, оған күшіміз жете ме? оның үстіне, Әбілқайыр ханның қысымына шыдамай Алтын орда қарамағынан ауа көшіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш өңір деп осы Шу бойына, ұлы жүз ішіне келгенімізге де көп уақыт болған жоқ. Біздің сүйенеріміз Моғолстанның билеушісі Есенбұға десек, арқа сүйер тірегіміз етекті ел ұлы жүз болып тұр. Сондықтан бұл істі шариат жолымен туралайық,—депті.—Болар іс болып кетті, ашуды ақылға жеңдірейік те, қызымызды Борашқа береміз деп құда түсейік, бізді шақырсын, құда кәдесін жасасын. Сөйтіп, ойсыл әулетінің сенімінен шыққан боламыз. Әрі құда болғанымыз жайлы ел құлақтанады. ойымыздың астарын ешбір жан байқамайды. Құда түсу кезегі бізге де келеді. Сонда іске асырар кегімізді алу үшін құдалар түскен кезде жау шауып кетті, қырғынға ұшыратты деп, олардың көзін құртамыз!»—дейді.
10-85
Дәстүр бойынша, ойсыл әулеті төрелерді құдалыққа шақырып, жақсы ниеттердің барлығы айтылып жатты. «Қара халық хан әулетімен құда болды, төренің қызын Бораш алыпты»,—деген әңгіме үйден үйге, елден елге тарап кете берді. ойсыл әулетінің жақсылары өздеріне құрылар тордың боларын, елдің егесіз қаларын, аналардың жар мен баладан айырыларын қайда білсін. Құдалыққа шақырған соң хан ауылына төрт көзі түгел болып барған. орда маңында құдаларды күту үшін жасалған дайындықтар күні бұрын жүріп жатты. Киіз үйлер шеңбер бойымен бір-біріне тақастыра тігіліп, қырығының да есік жағы шеңбер ішіне қарай ашылатын болып орналастырылады. Сол үйлерге жайғасатын адамдар кіретін де, шығатын да сыртқы есік біреу ғана болды. Меймандарды күтіп алып, қызмет істеп жүрген адамдар ісінде де мін жоқ. Әр үйге енген адамдар уытты шараптарға бой алдырған сәтте Жәнібек жағы көп жылқыны тігілген үйлерге қарай қуа айдап, жау шаптылып айқай-сүреңге салды. ойсыл балалары далаға шыға ұмтылған кезде, алдын ала даярланған жендеттер олардың бастарын шаба береді. Құтылып шығатындары бола қалған жағдайда қашып кетпесін деп аттарының мінер жағының таралғысын қиып, тартпасын босатып, тізгінін үзіп қояды. осындай айламен жасалған келісімнен кейін меймандарды қырғынға ұшырат қан Қырғиқабақ жазалаушы топты бастап ешнәрседен хабары жоқ, тыныш ұйқыда жатқан ойсыл ауылына қарай бағыт ала ды. Көпшілік жүрген жерде Жәнібектің жасап жатқан әрекеті хабарсыз қала ма, сатылап сол түннің ішінде жайсыз хабар ойсыл ауылына жеткені сол екен, есітіп қалғандары жан-жаққа бас сауғалап көзге түспей кетуге әрекетін жасайды.
уәзіріне қосымша бұйрық берген Жәнібек: «ойсыл ұр па-
ғының еркек кіндіктілері қалдырылмасын, екіқабат әйелдер арасына тыңшы қойылып, ұл туса—сол кезде-ақ өлтірілсін, қыз туса—тимеңдер»,—деп айтқан қатал үкімі орындалады. Бұл жағдайды баяндай келе, ойсыл ауылында еркек кіндік қалмады деп күңіренеді шежіре.
осы оқиғадан кейін Жәнібек Қаңлы мен үйсін ойсыл үшін кек алып жүрер деген оймен бар елін жиып, Арқаға қарай ауа көшеді. ұзақ жол үстінде баяғы Бораштан екіқабат болып қалған Жанбикенің ай-күні жетіп, толғақ қысады. Жәнібектің мұны білсе, өзін де, баласын да өлтіретінін сезген Жанбике қасына Қайшылы бике дейтін сенімді күтуші әйелін ертіп, таң алакеуімде көштен жырақтап барып, бір сайдың ішінде босанады. Нәресте ұл бала болып шығады. Жанбике оны алғашқы аналық уызбен емізіп алады да, Қайшылы бикеге егіліп отырып былай дейді:
—ойсыл сорлының шаңырағы күйреді, Құдайға шүкір, менің туғаным ұл боп шықты. Мен бұл баланың қасында қала алмаймын. Қалсам, әкем іздеп келіп, екеумізді де өлтіреді. Бірге тағы алып жүре алмаймын. Себебін өзің білесің. осы бала өмірлі болсын десек, менің кетуім керек. Мұнымен сен қал, лаждап адам ғып өсір. ойсылдан ұрпақ, Бораштан тұяқ қалсын!..»
Арада біраз уақыт өткенде жорықтан оралған Тұрымбет өз жұртының орнын сипап қалды. Бар оқиғаны естіген ол Жәнібек ханды шауып аламын деп, қолын ертіп, көштің соңына түсті. Екі-үш күн жүрген соң айдаладағы жалғыз құдықтың басында жас баламен отырған Қайшылыға жолығады. Мән-жайға қаныққан Қайшылы Тұрымбетке тоқтау айтты: «Азғантай ғана қолыңмен хан елін қалай шаппақсың? Сен оны емес, ол сені өлтіреді. райыңнан қайт! Мына баланы алып, елге баралық. Екеуміз бірігіп, түтін түтетейік. Әкеңнің сөнген шоғын маздатып, елдің іргесін көтерейік…»
Тұрымбет Қайшылының айтқанына көнді. Баланы алып, Қайшылыны атына мінгестіріп, Жиенқұм жеріне келді. Шағын болса да мәзірін жасап, Қайшылы екеуі үйленді. Әлгі балаға көң арасына түсіп еді, сондықтан өсіп-өнсін деген ниетпен ырым ғып «Көңірдек» деп ат қойды. Жылдар өте Көңірдек өсіп, ержетті.
Сарысу бойындағы хан Жәнібек ауылында ойсыл ұрпақ тарына жасалған ойраннан бұрын Бораш мырзаның әйелі төрт жасар Құбасай деген баласымен Кіші жүздің Алшын руының атақты байы Қыдырбай әкесінің үйінде меймандықта жатқан еді. Қыдырбай ойсыл әулетіне ханның жасаған қатыгездігін қызына айтып, еліне баруға болмайтынын, бара қалса Құбасайға төнетін қауіпті ескертіп, жібермей қойған. уақыт өтіп жатады, осылайша жиен нағашысының ауылында өсіп, әкесі мен туған-туыстарын ұмытуға айналады. Ержетіп келе жатқан Құбасай ауыл балаларымен қосылып жарамазан айтып, тапқандарын бөліске салмақ болғанда Құбасайға табыстан аз беру үшін балалардың бірі: «олжамызды алдымен әкесі барларға береміз»,—дейді. Құбасай:
—Менің де әкем бар, маған неге олжаны тең бөлмейсіңдер?—деп өзеурейді.
Сонда балалардың бірі:
—Қыдырбай сенің әкең емес, ол шешеңнің әкесі»,—деп айтады.
осы сөзді есіткен Құбасай үйіне келіп, шешесінен:
—Менің әкем қайда? Мен кіммін? руым кім?»—деп сұрайды.
Шешесі жауап бермеген соң:
—үйде нан да жоқ екен, бидай қуырып бер»,—дейді. «Бұл бір нәрсе есітіп келген бе?»—деп ойлаған анасы сөзге келмей айтқанын орындайды.
—Қарның ашса, жей ғой,—деп ыстық бидайды уыстап берген кезде оны Құбасай уысының сыртынан қос-қолдап қысып:
—Әкемнің кім екенін айтпасаң, жібермеймін!—деп біраз тұрып қалады.
ыстық бидайға қолы күйіп бара жатқан анасы:
—Айтайын, қолымды босат!»—деп жалынады.
Әлден соң:
—Әкең ұлы жүздегі Майқы бидің ұрпағы—ойсылдан туған Бораш,—деп, өз білгендерінің бәрін айтып береді.
—Мен еліме неге бармаймын, туыстарымды неге таппаймын, әкемнің ағайындары кімдер, қонысымыз қай жер, өз жұртымызға кетеміз»,—деген баласының қиғылығын есіткен ана оған елге оралуға болмайтынын ескертсе, Құбасай өкпелеп тамақ ішпей, үйден шықпай жатып алады. Мұны есіткен нағашысы Қыдырбай:
—Балалығы шығар, бірге ойнаған құрдастарынан бір нәрсе есітті ме екен, басылар»,—дейді.
Жиенінің өкпесі тарамай ұзақ жатып қалғанын өз көзімен көрген нағашысы:
—Түбінде бұл жерде қала қоймас, «жиен ел болмас, желке ет болмас» деген осы да,—деп еншісін беріп, ата-бабасының қонысына апарып, үйсін әулетіне табыс етейін деген оймен бірнеше түйеге жүк артқызып, жанына қызметші қосып, ақсарыбас түйеге көш бастатады. Көштің белгісі болу үшін алты ақ түйені салт қосады, үйірлеп жылқы айдатып, қоралап қой береді. «Ақ түйең алтау ма еді?» деген мақал осы көшке байла нысты шыққан деседі. Бұзау мен құлын ембесін деп тұмсықтарына сірге байлатқан. Сірге анасының шабы мен бүйіріне қадалған соң енесі шоршып түсіп төлін емізбейді.
Сірге—төлді енесінен күдер үздіру (емшектен шығару) үшін қажет болса, ал оның анасының оңалуына пайдалы әдіс. Құбасай көшіндегі бұзау мен құлынға салынған сірге—көш ұзақ жол жүретін болғандықтан ондағы адамдардың айран сыз, қымызсыз қалмауы үшін жасалған тәсілі.
Көш ұлы жүзге қарай бет алған соң нағашысы Қыдырбай көшті бастаушыға «Ханның адамдары Құбасайды ойсыл әулеті екенін біліп қойып қастандық жасап жүрер» деген сақтықпен:
—Жолда сұрағандарға Кіші жүздегі Байұлымыз деңдер»,— деп үйретеді.
«ойсыл мен үйсін бабаларыңның негізгі қонысы Қазығұрт тауының маңы еді. Көш басын сонда тіреңдер, туысыңды сол жерден табасың!»—дейді ол тағы. Қыдырбайдың «Байұлы» деп отырғаны Алшын, Әлім—үшеуі де Кіші жүздегі үлкен ру аттары. Көш қазіргі Бөген ауданы Қ.Спатаев атындағы совхоз жеріндегі бір төбешік бауырына ат басын тірейді. Бұл жерде біраз күн демалып аялдапты. Бұзауы мен жабағысына сірге салған кім деген сөзден, Құбасай «Сіргелі бала» атанып, ол біраз күн қоныс еткен төбешік «Сіргелі төбе» атанады. «Байұлы», «Сіргелі» деген сөздер—Құбасайға осылайша берілген қосымша лақап аттар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *