ОРТА ЖҮЗДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ

ОРТА ЖҮЗДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
[Орта жүз Бекарыстан алты арыс ел тарауы]
Шежіре бойынша, Бекарыстың әкесі Қазақ, Қазақтың атасы Алаш екен. Бекарыс бабамыз керемет бай, кемеңгер, данышпан, көпшіл әділ және қарапайым болған екен. үйіне келген қонақ қара ма, хан ба талғамай, мейілінше дұрыс қабылдап, дастарқан жайып разы қып аттандырып отырған. Бірақ ұлы, перзенті болмаған деседі. Бірде осындай көптің бірі болып Әулие Қыдыр-ата үйіне келіп дәм татып, сый-сияпатына дән риза болған. Ақыры Бекарысқа риза болып ақ батасын беріп, тілегін айтқан. Арада тоғыз ай он күн өткен соң бәйбішесі ұл туыпты. оның атын Қарақожа деп қойыпты. Сөйтіп, бірінен соң біріне босанып, Қарақожа, Ақтамберді, Дайырқожа, Мойынқожа, ысмайыл, Қасым атты алты ұл көтеріпті. Қарақожа үлкен ұл болған соң бөлек отау етіп шығарыпты. Қарақожадан Арғын туа ды. Арғынның «аға баласы» атануы—осыдан. Ақтамбердіден Қыпшақ, Дайырқожадан Қоңырат, Момыннан Найман, ысмайылдан Керей, Қасымнан уақ туады. Сонымен орта жүз Бекарыстан алты арыс ел тарайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *