Орта жүздің алты қожадан тарауы туралы


(ІІ нұсқа)
Жанарыс [тың] екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру қайда, Жас иісті баланы-ай!»—деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты.
ой, Құдай-ай, Берді ғой бала беретін Әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, Қолдамасаң, саған серт!
Сарт болсаң, садағам кет!—
деп, алтауына алты қой сойыпты: «Кір-қоңдарыңды жудыр, аттарыңды тынықтыр. осы қойлардың етін жеп тауыспай, жібермеймін!—деп.
Сонда қожалар мұның шын құлап, ықылас қылған пейілі не риза болып:
—осы алтауымыз да атымызды бердік. Алты ұлға ата боласың!—деп, баталарын беріпті. Аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қосымқожа.
Сонан соң қатындар буаз бола бастап, бәйбішеден—төртеу, тоқалдан екеу туыпты. Алтауына алты қожаның атын қойыпты. Бәйбішеден туған төрт бала: Қарақожа, Ақ қо жа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа. Қарақожадан—Арғын, Аққожа дан—Найман, Ақтамбердіқожадан—Қыпшақ, Дарақожадан- —Қоңырат, Тоқалдан туған—Смағұлқожа, Қосымқожа.
Біреуінен—Керей, біреуінен—уақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *