Орта жүздің алты тайпасының шығуы туралы
(І нұсқа)
Жанарыстың екі қатыны болыпты. оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады.
«ой, Құдай-ай,
Берді ғой бала беретұғын, Әулиелер келді ғой!
Сыйынбасам маған серт,
Қолдамасаң саған серт, Сарт болсаң, садағаң кет!—
деп, алтауына алты қой сойыпты. Қойын сойғаннан кейін Жанарыс әлгілерге:
—Аттарыңды тынықтырып, осы қойлардың етін жеп, тауыс пай жібермеймін!—дейді. Сонда қожалар мұның шынымен құлап, ықылас қылғанына риза болып:
—осы алтауымыздың атымызды бердік, алты ұлға ата боласың!—деп баталарын беріпті. олардың аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Есімқұлқожа, Қосымқожа екен.
Содан Жанарыстың қатындарының аяғы ауыр бола бастап, бәйбішеден төртеу, тоқалдан екеу туыпты. Алтауына алты қожаның аты қойылыпты.
Бәйбішеден туған төрт ұлға—Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа деп қояды. Қарақожадан—Арғын, Аққожадан—Найман, Ақтамбердіқожадан—Қыпшақ, Дарақожа дан—Қоңырат, тоқалдан туған Есімқұлқожа мен
Қо сым қо жа дан Керей мен уақ тарайды.