[Мейрам сопы ұрпақтары немесе «Момынның жеті арысы»]
осы күнгі Керей, уақ деген елдер бар. олар Арғынның тоқалы Момынның қоңсысы болыпты. Момын оларға қатын әперіп, енші бөліп беріпті. олар Момын балаларына Момыннан енші алған кірмесі болады. уақ, Керей—екеуі екі арыс болады. Бұл екеуі «жолдан келген жеті руға» қосылады. Жетіру дегеніміз—Асанқайғының елінен, Бәйбәше деген жерінен келген жеті жігіт екен. осы жеті жігітті үш жүз бөліп алыпты. Қаңлы менен Шанышқылыны ұлы жүз—үйсін алыпты. Керей менен уақты орта жүз—Болатқожа алыпты. Табын деген жігітін, Тілеу екеуін Кіші жүз—Алшын алыпты.
Тама деген жігіт жалғыз қалыпты. Қайсысы аларын білмей, ортада қалған соң үшеуі ынтымақтасып, ат шаптырып, қай аты озғаны алатын болыпты. Сонан соң үшеуі ат шаптырып, ақыр да Кіші жүздің құла қасқа аты келіп, Таманы Кіші жүз алып ты. «Құла қасқа Тама» деген сонан қалыпты. Және Тарақты деген ел бар. Тарақты—орта жүздің қызынан туған жиені.
Арғын, Қыпшақ—екі арыс, Найман, Қоңырат—екі арыс, Керей, уақ—екі арыс, Тарақты—бір арыс, айналасы жеті арыс болады. осы күнгі «Момынның жеті арысы» деп сөйлейді, сол—осы.