Көрпе

Көрпе
Жаугершілік заманның бір шатқалаңында төрт бала елден айырылып, айдалада адасып қалады. Құлан 13-14-терде. Жанай мен Теке 7-8-дерде, ең кішісі Төлеміс аяғын енді апыл-тапыл басқан шамада болса керек. Балалар аш-жалаңаш, бір-бірімен қол ұстасып, Төлемісті біресе жетектеп, біресе арқалап күн жүреді, түн жүреді, елін таба алмай әбден шаршап, ашығады.
олардың қанша жүргендерін кім білсін, әйтеуір аштықтан жандары қиналып, бастарына түскен ауыртпашылықты көтере алмаған бауырларының үлкені Құлан:
—Елсіз далада аш-жалаңаш, өзіміз шаршап-шалдығып өлгенше, жүк қылмай, мына жүре алмайтын Төлемісті тастап кетейік,—дейді.
Құланның мұнысына Жанай мен Теке үзілді-кесілді қарсы болады. Інілерін көндіре алмаған соң Құлан оларды айдалаға тастап, ел ауған жақты бетке алып, жалғыз өзі жүре береді.
оның қанша уақыт жүргені белгісіз, бірақ ел-жұртқа жетіп,
ата-анасын табады. олар құшақтасып, жылап көріседі.
Әкесінің:
—Інілерің қайда?—деген сұрағына Құлан төмен қарап күмілжіп:
—олардан адасып, жоғалтып алдым,—дейді.
осындай аласапыран заманда көп бала тұрмақ, бір баланың
өзін қуат тұтып, аман-есен көргеніне құдайға мың бір шү кіршілік еткен ата-анасы, басқа балаларының асын беріп:
—Алла өзі берді, Алла өзі қайтып алды,—дескен көрінеді.
Елсіз далада ішерге суы, татарға дәмі болмаған үш бала қаңғырып қала береді. Аштықтан көздері қарауытып, әбден әлдері кетіп, өлді-талдық дегенде таудан сарқырап аққан өзеннің жағасына ілінеді. Беті-қолдарын жуып, су ішіп отырғанда үлкен қара тастың көлеңкесінен бір күлше нан тауып алады. Ақсақалдардың айтуына қарағанда, бұл Қызыр ғалейһисалам бабаның балаларға берген ризығы екен деген сөз бар.
Табылған күлшені Теке теңдей ғып екіге бөліп, жартысын Төлеміске береді де, қалған жартысын Жанай екеуі бөліп талшық етеді.
Әйтеуір, күндердің бір күнінде үш бала сүйретіліп, азыптозып ел шетіне жетеді. оларды өлдіге санаған ата-ана, туғантуысқандары жүрегі жарыла қуанып, құшақтасып көріседі.
Біраз күн өткен соң шындықтың беті ашылады. өз бауырларын өлімге қиып тастап кеткен Құлан ата қарғысына ұрынады. Сондықтан оның ұрпағы өспей қалыпты деген әңгіме бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *