Әнес туралы аңыз

Әнес туралы аңыз
Қазақтың шежірешілерінің айтуынша, Әнес жайындағы аңыз-әңгіме былай басталады:
Әнестің әкесі Мәлік, ол арабтың Ғажам руынан дейді. Шешесі ұмсалима Мәкеннің қызы, о да араб еді деп шегелейді шежірешілер. Аңыздың негізіне қарағанда, Мәлік ірі сәудегер және батыр адам болғанға ұқсайды. Сонымен қатар ол өз дәуірінде көршілес елдерге белгілі болған. ол сауда жасап жүріп Қытай мен үндіге, Дум мен Мысырға, Шам мен Бағдатқа барып, жиі қатынап жүреді.
Бір күні Мәлік көп керуен жүгімен, қаруланған шағын жасағымен индияға сапарға шығады. Мәліктің осы сапары сәтсіз болып, жолда торып жүрген қаруланған көп қарақшыға кездеседі. олармен аянбай соғысқан Мәлік, олардан ақырында жеңіліп, сол соғыста өледі. Сүйегі сонда қалады.
Мәлік өлгесін әйелі еуропалық бір сәудегерге тиіп кетеді. Әнес жастай жетім қалады. Әке-шешеден түгел айрылған жас Әнес жетімдік пен жоқтықтың ауыр азабын тартады. Жоқшылық тұрмыстың тауқыметін тартқан Әнес қиындық көріп, машығады. Кейде аш, кейде жалаңаш дегендей, тұрмыстың ащы дәмін татады.
осыдан келіп Әнес жастығына қарамастан, өз бетімен еңбек
етіп, күн көре бастайды. ол кездегі кәсіптің түрі—мал бағу ғана еді. Әнес те осы кәсіппен айналысып, ауқатты адамға жал да нып, мал бағады. ол осы бай адамда біраз жыл мал бағып тұра ды, өзі де мал өсіреді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ті лен бей» деп айтқандай, ерінбей еткен еңбегінің арқасында, бұ рын біреуге «ол не берер екен?» деп тұратын Әнес, енді жоқшылық қамытынан біржола құтылады.
«Кем-кемнен—кем ал» дегендей, еткен еңбегінің нәтижесінде Әнес тұрмысын жақсартып, тәуір қалыпқа келеді. Ауқатты адамдардың қатарына қосылады. Малы мен басы тең өседі. Әйел алады. Алғанда біреу емес, үш әйел алады. Тұрмысы жақсарып, шаруашылығы өскен Әнес, енді жаңа қоныс, жайы лым іздеп, тың жерді жайлайды. Кең даланы иемденеді. Көшпенділікке айналады. «Сол атамыздың кәсібі қырғыз бен қазақта ғана қалған» деп өкінеді сөз білетін қариялар.
«Әнес он екі ұл, екі қыз, барлығы он төрт перзент көрген» деп шегелейді шежірешілер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *