Үш жүз туралы
(І нұсқа)
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс үрім-бұтақтарымен жүз үйге толғанда енші алысады. Қоныс белгілеуге келгенде сөз үлкені Ақарысқа беріледі. ол сөз кезегін Бекарысқа береді. Сонда Бекарыс тұрып:
—Алдымда ағам, артымда інім тұрғанда менің не айтарым бар?—дейді. осы кезде Жанарыс:
—Сөз бітті. Жоғарғы бөлік—Ақарысқа, орталық жер— Бекарысқа, төменгі жағы—Жанарысқа тиді,—деген екен. «Енді үш үй үшке бөліндік. Бірақ әрқайсымыз өз ауылымызды жүзден кем етпелік» деп, содан «үш жүз» аталған деседі.