Үш жүздің баласы және ұрандары
Бұрынғы заманда қазақтың «Жүз» деген, «Алаш» деген атты руға қойған аты болған екен. «Алаш» деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда, «Алаш, Алаш!»—деп шабыңдар! «Алаш» демегенді әкең болса да ұрып жыға беріңдер»,—деп бата қылысты.
Кеше: «Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үш жүздің баласы қазақ емес пе едік?!»—деп айтылған сөз содан қалған.
Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып көзге көрініп, ауызға іліккен емес. өз алдына отау тіккен емес. Әр жұртқа қоңсы болып жүрген. «Болатқожа» дейді, «Ақжол» дейді—екеуі бір кісінің аты. өзінің шын аты—Жанарыс екен.
Жұрт аузында «Ақжол» аты қалған. ұлы жүз ұраны—«Бақтияр» Кіші жүз ұраны—«Алдияр» орта жүз ұраны—«Ақ жол».