Қырғыз, Қыпшақ, Қарақалпақ және Қазақтың туысқан болуы

Қырғыз, Қыпшақ, Қарақалпақ және Қазақтың туысқан болуы
өткен заманда бір патшаның қызы көрген түсі арқылы екі
қабат болып қалыпты. Мұны әкесіне айтудан қорқып, тәрбиешісі мен күтушы қызметкер қызға айтады. олар: «Сенің пәктігіңе айғақ болғанымызбен, сендіруіміз қиын, мұның ама лы—бір жаққа кетіп, жан сақтау. Ал өзіңді жолға салсақ, әкең нің басымызға қандай күн туғызатынын кім біледі?!»— деп, көтергендерінше азық, алтын, күміс алып үшеуі бір тауға қашып кетіпті.
Бір жерге келгенде бір аңшының киіктің үш лағын байлап қойып, енді енесін ұстамақ болып тұрғанын көреді. Бұлар жолығып жөн сұрасқан соң, аңшы қыздың жайын ұғып, оны алмақ болады. «Бағыма кезіккен осы шығар» деп қыз разы болады… «Мына үш лағың менің қалың малым болсын!»—дейді қыз. Аңшы мақұл болған соң, қыз лақтардың жібін шешіп, басынан сипап қоя беріпті. осы себептен Құдай бұл қызға үш ұл беріпті де, олар ұрпақты болып, қам-қайғыдан арылыпты.
Аңшы келіншегін үйіне әкелгенде, көргендер қыздың сұлулығына таңырқап әрі разы болып: «Бәрекелді, қыз-ақ екен! Бұдан артық не қыз болсын, шіркіннің сұлуын-ай!» дегендіктен, бұл есім сол қызға ардақты есім болып қалыпты. ұрпақта ры анасына қарай «Қыз-ақ балалары» атаныпты. Кейін келе «балалары» деген сөз қалып, «Қазақ» деген сөзге өзгеріпті дейді…
Қазақтың үш ұлының үлкені—ұлы жүз, ортаншысы—орта жүз, кішісі Кіші жүз болып өсіп-өніпті. Аңшы Түркі, яғни қыз Бәлх жерінен екен. «Қазақтың ата-мекені—Жиделі-Байсын» дегені осыдан. Жиделі-Байсын Бәлхтің маңы.
Аңшы әлгі тәрбиеші мен күтушіні өзінің екі туысына некелеп қосып, тәрбиешіден—Қарақалпақ пен Қыпшақ, күту шіден—Қырғыз туыпты…». бұлай болғанда қырғыз, қыпшақ, қарақалпақ, қазақ өзара туысқан болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *