Қырғыз атануынан

Қырғыз атануынан
Аққазы ханның қызы Күлсім туралы шежіренің бір аңызы: Күлсім күйеуге шықпай тұрып екі қабат болады. Мұны хан естіп, тексере келіп, бұл туралы: «Кінәлі адам—Әлібек» деп табады.
Әлібекті өлтіруге, Күлсімді қырық қыз нөкерімен Алатау асырып жіберуге бұйырады. Жұрт ақылдасып, Әлібекті қорғау ниетімен, қырық қыздың біреуін өлтіріп, қанына Әлібек тің киімін бояп, ханға әкеліп көрсетіп, «Әлібекті өлтірдік» деп ханды сендіреді.
Күлсімді нөкер қыздарымен Алатау асырып, Әлібекті қыздарға қосып бірге жібереді. Әлібек қыздарды ерте отырып Алатауға келіп, жақсы жерден қоныс алып, орнығады. Күлсім мен Әлібек қосылып, басқа қыздарды көршілес елдерге ұзатып, таратады. Күлсімнен тоғыз ұлы болады. осы тоғыздан өсіп, өрбіген ел—Қырғыз халқы. Бұл елдің қырғыз атану себебі—«Қыр қызынан, қыр қызының нәсілі» деуден Қырғыз атанған» дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *