Қазақ туралы аңыз

Қазақ туралы аңыз
Мәдәйун әулеттері умахыдан Тәлит, оның ұғылы—Жәмит, оның ұғылы—Мырдан, оның ұғылы—ысмағұл, оның ұғылы— Ағзам, оның ұғылы—Миям, оның ұғылы—өзбек, оның ұғылы—Мәлік. осы Мәлік сопы, адал болғандықтан «Ақтам сопы» атанған екен. оның ұғылы—Әніс, оның ұғылы—Ақаша дейді. осы Ақаша Мұхамет пайғамбарымыз дүниеден өтерінде:
—Ақысы бар адамдар ақысын алсын,—дегенде:
—Менің ақым бар, ақы дегенім, Мұхамет мені жалаңаш ұрған болатын, соған орай мен де ұрып аламын,—деген екен.
Көптеген сахабалар оған:
—Сен ұрма, Пайғамбарымыз үшін алтын, күміс ал,—десе де ол көнбей, Пайғамбарымызды жалаңаштатқан кезінде жаурынындағы әлемет мөрін көріп, сонан аяғын құшақтапты.
Пайғамбарымыз Ақашаға: «Сенің тұқымың басқалардан бір-екі есе артық болар, бірақ бірлігі болмас, бірінің тілін бірі алмас»,—депті. «Сен енді бұл жерде тұрма, қыр-сахараға шығып кет!»—деген екен.
осыдан соң Ақаша өз ұғылы Зымырданды ертіп алып шаһардан қашып, сахараға шыққан екен. Сонан Зымырданға «Қазақ» деген ат тағылыпты. Сол кездегі бұл сөз «қашқын», «қашақ» деген мағына беретін сөз екен. Кейінгі «Қазақ» аты содан қалған екен дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *