Қазақтың түбі
(ІІІ нұсқа)
Бір Алтынбел деген хан болған, ханның жалғыз ұлы бар еді, аты—Қайшылыхан, сонан басқа баласы жоқ еді. Бір күндерде ханның қатыны құрсақты болды, бір уақытта бір қыз бала келтірді, ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ. Тапқан шешесі қызын көріп көп күнге дейін талып қалды. Сондай бір қыз келтірді деп ханға айтады.
Хан айтты:
—Адамға көрсетпе. Кісі көрмесін деп бір жерге жасырып асырат!—деді. Сонан соң ханның қатыны бір кемпірді шақырды, кемпірге бір жүз ділдә жылында берді. Кемпір бұл баланы алып, қараңғы темір үйге салып асырады.
Сол қыз бір күндерде ер жетіп өсті. өскеннен соң бұ қыз бір күнде кемпірден сұрайды:
—Сен қайда барып жүресің?
Кемпір айтады:
—Е, балам, бір жарық дүние бар, жарық дүниеде әкең бар, шешең бар, талай жандар бар, анда барамын.
Қыз айтты:
—Е, енеке! ешкімге айтпаймын, маған со жарық дүниені көрсетші!
Кемпір айтты:
—Жарайды, ешкімге айтпасаң, көрсетейін!
Кемпір бұ қызды тысқары шығарады, шығарғаннан соң қыз бұ жарық дүниені көріп, бойы балқып, есі ауып қалды. Сол тысқары шыққан күндерінде оған Алла тағаланың көзі түседі. Алланың әміріменен со қыз құрсақты болды. Бір күндерде іші өсіп үлкен болды. о қыз буаз болғанын кемпір білді, енді мені өлтіреді деп қайғы жеді. «Енді мені өлтірсе де, қаным ақ! Ханның қатынына айтамын»,—деді.
Кемпір келіп ханның қатынына айтты:
—Қызыңыз құрсақты болды, еш адамға мен оны көрсеткенім жоқ, өлтірсеңіз—қаным ақ. Тірі қалсам, жолы—ақ!
Ханның қатыны айтты:
—Сен онан басқа не қылдың?
Кемпір айтты:
—Қылғанымды жасырмаймын, менің қылған жазығым, бір ақ рет тысқа шығарған едім. Шыққан күннен құрсақты болды.
Ханның қатыны айтты:
—Сен жамандық қылмаған болсаң, ханға жауабын мен өзім берейін.
Солай айтып ханға барды. Ханға келіп айтады:
—Қызымыз құрсақты болды Алланың әміріменен. оны еш адам көрген жоқ еді.
Хан айтты:
—олай болса, өлтір оны!—деді.
Ханның қатыны айтты ханға:
—«Хан қызын өлтіріпті» деген атақ жаман болар?
Хан айтты:
—Енді не қылсаңдағы, көзімнен жоғалт!—деді.
Қатын өлтіруге қызын қимады, бір алтынды абдыраға салып, ішіне азық салып, аузын жауып, кілтін сыртына байлап, ағып жатқан дарияға салып қоя береді.
Сол бір жерде Домдағұл соқыр, Тоқтағұл мерген бір жерде аң аулап жатушы еді. Сол дарияның ортасында ағып келе жатқан абдыраны көрді. Тоқтағұл мерген көргенде:
—Ай, жолдасым—деді,—судың ортасында жарқырап бір нәрсе ағып келеді, Құдай берсе, оны біз алармыз, ала қалсақ сен ішін аламысың, тысын аламысың? Со жерде үлеселік, қолымызға келген соң бір-біріміз таласып араз болармыз.
ол Дамдағұл соқыр:
—Мен тысын аламын»,—деді.
Тоқтағұл мерген айтты:
—Мен ішін аламын, не шықса да, шықпаса да менің ба ғымнан болсын!
Сонан соң жібектен жіп есіп, оққа байлап, Тоқтағұл мерген атады, ол оқ барып абдыраға қадалады. Абдыраны тартып судан шығарып алады. Абдыраның аузын ашады. Ашса, ішінде он төртінен туған айдай боп бір қыз жатады. Екісі көргеннен соң көркіне есі ауып қалады:
—Не қызсың? Не еткен жансың?—деді.
Қыз айтты:
—Мен Алтынбел ханның қызы едім,—деді.—Мені бір қараңғы жерде асыраған екен, мен Алланың әмірімен құрсақты болыппын. Мені сонан соң әкем: «өлтірсін!»—деді. Шешем өлтіруге қимай: «Қайда кетсе де, тірі кетсін!» деп, осы абдыраға салып қоя беріпті.
Тоқтағұл мерген айтты:
—Сені біз алармыз, бізге тиемісің?
Қыз айтты:
—Тиейін, мен осы ішімдегі баламды дүниеге келтіргеннен соң, мен сонда тиейін саған!—деді. Тоқтағұл мерген:
—олай болса, жарайды,—деді.
Сонан соң уақыт жеткен соң бір ер бала келтірді, өзінен көркем болды. Сонан сон некесін қиып алды. Далада жүр-
мейік деп еліне келді. Еліне келген соң со бала ер жетіп өсті. өзі жақсы, әділ болды. Со баланың атын Шыңғыс қойды. ол уақытта олардың тұрған жерінің патшасы өлген екен,
бала қалмаған екен, елі патша қылуға жақсы кісіні таба алмайды. «Сол Шыңғыс деген баланы патша қылалық» деседі. Баланы патша қылады, «өл десең, өлерміз!» деп ант береді.
Сол Шыңғыс патша болып, әділ болды, кісіге зұлмат қылмады, зорлық қылмады, жұрты тыныш болды, елде ұрлық, өтірік жоқ болды.
Шыңғыс туғанда Тоқтағұл мерген Алтынбел ханның қызын алған екен, сол қатыннан үш ұл бала туды. ол үш ұл ер жетті, ер жеткеннен соң сол Шыңғыс деген патшаға зорлық қылды: «Бұ атасы жоқ бала еді, мұны патша қылмаймыз, біздің ата мыз бар, біздің бірімізді патша қыл!» Сол патша сол үш бала мен егес болды. Сонан соң патша: «Мен жалғыз едім, мені өлтірер» деп, қашпақшы болды. Шешесінің қасына келді, айтты:
—Е, шеше, мен кетемін қашып, мына үш жаман балаң мені өлтіретұғын болды,—деді.
Шешесі сұрады:
—Енді, балам, сен қайда барасың, барған жеріңді маған айтып кет! Мен сенің өлі-тірі хабарыңды қайдан білейін,—деді.
Шыңғысхан айтты:
—Қайда барайын? өзің ағып келген судың басына барып, сол атамның тұсына барып, анда жетермін! Атам судың ар жағында болса, судан өтсем, өтермін, өте алмасам, судың бері жағында, со жерде жатармын. Е, шешекем, менің өлі-тірі хабарымды білдірермін саған, осы өзің ағып келген судан құстың жүнін салып тұрармын, құстың жүні өтіп тұрар. өтіп тұрса, менің тірім, құстың жүні өтпесе ағып, менің өлгенім,—деп уәде қылды да, аман бол, шеше!—деп кетіп қалды.
Шыңғыс қашып барып суды өрлеп кетті, атасының тұсына келіп, судан өте алмай, бұ жақта жатып қалды. Жатып аң атарға шықты, аң атып, құс атып, аңның терісінен үй қылып алды. Құстың жүнін суға салып тұрады. Құстың жүні аққан суменен өтті, шешесі тірісін біліп тұрды енді. Шыңғыс құстың жүнін таудай қылып үйіп қойды.
Сол Шыңғыс кеткеннен соң ел патшасыз болып қалды, кімді патша қылармыз деп састы, онан соң «осы қатынның баласы жақсы болушы еді» деп бір Бергелтай деген баласын хан қойды. Бергелтай жұртты бүтін тұтып жақсы қылып тұра алмады, жұртында ұры көп болды, тентек көп болды, өтірік көп болды, оның тілін адам алмады, өзі әділ болмады, парақор болды. Сонан соң сол жұрты азып-тозды.
Жұрты бір жерге жиылып кеңес құрды. «Біздің патшамыз әділ болмады. Жаман болды, ол жұртты тұтып тұра алмады. Шыңғыс хан патшамыз тұрған уақытта жұртымызда ұрлық, өтірік, зорлық жоқ еді, жұртымыз көп еді, енді аз болып қалды, жұртымыз таусылатұғын болды. Бергелтай патша бола алмас, со Шыңғысты іздеп табайық, Мұны қайдан табамыз? Қайда кеткенін Құдай біледі, өзге жан біліп болмас, бір білсе шешесі білер, онан сұралық!»
Жұрты жиылып сол шешесінікіне келді, айтты:
—Сол Шыңғыстың қайда кеткенін білемісің?—деді.—Мына жаман балаң патша бола алмады, жұртты бүтін тұтып тұра алмады. Шыңғыстың заманында жұртымыз жақсы еді, со Шыңғысты іздейік,—деді.—Біз қайда кеткенін білмейміз, сіз соны білерсіз, сіз айтыңыз, білсеңіз!
Шешесі айтты:
—Мен айтайын! Барсаң-дағы, тауып алсаң-дағы мында келмес! Келсе, түзу айтайын! осы суды өрелеп жұрт отыр, осы судың бойында Шыңғыс бар-ды, табарсыңдар барып, жалынарсың дар, Шыңғыс келер, жаман сөз айтпандар, көптен кісі көрген жоқ, шошып кетпесін!» «Жарайды» деп жиырма бес кісі Шыңғысты іздеп кетті.
5-85
Бір күндерде Шыңғыстың жеріне келіп жетті. Шыңғыстың аң терісінен қылған үйін көрді, таудай қылып үйіп тастаған құстың жүнін көрді, орнатып қойған ат байлайтұғын діңгегін көрді. «Е, Шыңғыс осында екен» деді. Шыңғыстың өзі жоқ екен, аң аулауға кеткенін білді. «Біз бұған көрінбейік, бізді көрсе, қашып кетер, атымызды жасырып, өзіміз құстың жүніне еніп жаталық, келіп ұйықтап жатқан жерінде ұстап алалық». Жасырынып жатады.
Бір күндерде Шыңғыс келеді, діңгекке Шыңғыс хан келді өзі. «Ханның атын ұстаңыз!» деді, аттан түседі, және өзі: «Ханның атын байлаңыз!» деді. Хан үйге кірді, өзі: «Ханға есік ашыңыз!» деді. үйге кіргенде: «Ханның астына құс салыңыз!» деді. өзі отыр-
ды. «Ханның алдына ас әкеп қойыңыз!» деді. Асты өзі алып ішеді. Асын ішкен соң ұйқысы келді. «Ханға төсек салыңыз!» деп, өзі салып жатты.
Жатып қалған жерінде жиырма төрт кісі бас салып ұстап алды, жиырма төрт кісіні бірін бұлай, бірін бұлай лақтырады.
Кісілер айтты:
—Е, тақсыр хан! Құлдық қыламыз деп жалынып келдік, сіз кеткен соң еліміз азып, тозып кетті, қайтып жүріңіз! Патша болып орныңызға тұрыңыз!»
Сонан соң қайтып алып жүрді, еліне алып келді. Бұрынғы орнына хан қыламыз дегенде, соңғы байдан туған үш інісі:
—Мұны патша қылмаймыз, бұл кетсін, кетпесе, мұны өлтіреміз!—деді. Сонан соң жұрт жиылып кеңес құрды:
—Мұны қайтеміз? Бұны патша қылсақ, өлтіреміз дейді, өздерін патша қылса да шешесі білсін!—деді.
Шешесіне үшеуін жіберді: «Төрт баласының қайсысын шешесі патша қылса да біз соған ризамыз!»—деді.
Төрт баласы шешесіне келді. Бірісі: «мен боламын патша» және бірісі «мен боламын!»—деді. Төртеуі таласып келді.
Төрт баласына шешесі айтады:
—Бәрің де менің баламсың,—дейді.—Сендер таласпаңдар! Мен төртеуіңді әділ шариғат қылайын. Мына сағымға садақтарыңды іл, сағым садақтарыңды көтерсе, соның патша бол!
Төртеуі апарып сағымға садақтарын ілді. үшеуінің садақтары жерге түсіп кетті, манағы Шыңғыстың садағын көтеріп тұрды сағым, астында біреу жоқ, үстінде байлау жоқ. Сол жерде сол қатын жұрттың бәрін жинап алып:
—Мынаны көріңдер!—деді.—Бұл Алланың әмірінен бала болған, мұның садағын Алланың әмірімен сағым көтеріп тұр. Мұ ны патша қылыңыз! Анау үшеуі бұған зорлық қылса, сол үшеуін өлтіріңдер!—деді.—Сендер көпсіңдер, зорлық қылдырт паңдар!—деді.
Сол хан болып тұрып қалды, тозған жұртын жиып алды, өзі сондай әділ патша болды. өзі бір жақсы қатын алды. Қатыны үш ұл тапты, бір қыз тапты. Сол патша болып тұрған заманын да әр патшадан артық болды, ешбір жауға алдырмады, жұр ты на қайғы салдырмады. Сонан соң сол жақсы патша бар деп үрім шаһардың кісісі келіп, «бір баласын бізге бер» деп сұрап кел ді: «оны патша қыламыз». үрім шаһаріне берді бір баласын. Қырым шаһарінің кісісі келді, «Шыңғыс ханның баласын хан қылға лы аламыз» деп сұрап келді, ол бір баласын алды патшалыққа. Қалипа жұрты келді: «Бір баласын бізде патша қыламыз» деп, оған бір баласын берді. онан соң сол «Шыңғыстын бір баласын біз де аламыз» деп орыстан келді. оған ұл баласы қалмаған cоң Ақбибі деген қызын берді. «оны патша қыламыз» деп орыс алып кетті.
ол Шыңғыстың өзі өлгеннен соң әділ, жақсы патша болма-
ды. Сол Шыңғыстың үш баласы патшалықта болып, үш жерде тұрды. Енді бізде қазақта қалмады. Әз-Жәнібек, Пепегетай, Бергелтай—шешесінің үш баласы осы тұрған жаман төрелердің аталары.
Әз-Жәнібек ханның баласы Досан хан ұлы жүзде болған, оның баласы Әлихан болған, оның баласы Бөпехан болған, оның балалары көп болып кетті.
Шешесінің атасы—Алтынбел хан, оның баласы—Қайшы лы хан, оның баласы—Темір хан, оның баласы—Досым хан, оның баласы—Есім хан, оның баласы үшеу болған: Еңсегей бойлы Ер Есім, Есімнің баласы Абылай хан болған.