Қазақтың түбі

Қазақтың түбі
(ІІ нұсқа)
Первый человек—Адам Ата топырақтан жаратылды. Второй человек—Нұх пайғамбар Топан суынан үш баласы, үш келінімен аман қалды. Басқа қалғандар [ы] бәрі қырылды.
Нұх пайғамбардың үш баласынан өрбіп-өніп өсті: Хам, Сам, иафас. Бұл үшеуін өзі тірісінде үш жаққа жіберді. Хамды Һиндстан жаққа, Зәңгі Хабаш қара түсті жұрттар мұның нәсілінен өсті. Самды оңтүстікке—иран, Зминге жіберді. Ғараб, Ғажам мұның нәсілінен өсті. иафасты солтүстікке жіберді. Мұның нәсілінен отыз алты түрлі жұрт өсіп-өнді. Сегіз баласының аты тарихшыларда қалды: Түркі, Хазар, Сақлаб, рус, Мың (Мен), Шын, Кимер, Тарф.
Бұл иафас тұңғышы Түрікті өз үрім-бұтағына хан сайла ды. Басқа балаларына: «Бұған бағынып, қараңдар!» деп бұйрық қылды.
Сонымен Түркі первый (перуай) хан атанған, ханның толық дөкейі болды. Бұл Түркі ақылды, милы, әдепті, ибалы жан болды. Сонда ұнатып орныққан жері ыстықкөл болды да, керегесіз төбе қосты баспана қылуды бұл Түркі шығарды. Төрт баласы болды. Тұңғышы—Түтік. Бұл Түтікті өз қолынан хан сайлап, үрім-бұтағына басшы қылып, ахирет сапарына кетті. Түтік ғақылды, дәулетті, жақсы патша болды. Түркі жұртында көп жол-жобаны жұрт көзіне түсірді. Ғажам патшалары әуелі Кеймарыспен замандас болды.
Күнлерде бір күн аң аулап, киік етін жейді, аузына сүйкімді тиді. Сөйтсе, ол жер тұзды жер екен. Тұз асты ләззатты қылатұғынын сезіп, асқа тұз салуды бұл Түтік шығарды. Екі жүз қырық жыл жасап, баласы Елші ханды орнына отырғызып, «Барса келмеске» кетті.
Елші хан көп жылдар патшалық қылып, асарын (ашлар ны) асап, жас жасап, баласы Деб Бақой ханды орынға отырғы зып, бабаларының соңынан бұ да барды.
Баласына «Деб Бақой» деп ат қойғаны: «Дебтің» мағынасы— «тақ үсті», «бақой» мағынасы «ас ағасы» деген екен. Бұл Деб Бақой көп жылдар (иллар) патшалық қылып, достысы күлгендей, дұшпаны жылағандай іс қылып, баласы Киік ханды орнына отырғызып, «көші-қоны жоқ, жайлы орынға» бұ да барды.
Киік хан тағында отырып, неше жылдар дадғыдыллық қылып, баласы Алтыншы ханды орнына қойып, «халық ба ратұғын орынға» бұ да барды. Алтыншы хан көп жиллар (жылдар) елге патшалық қылды.
Нұх пайғамбар заманынан бұл Алтыншы ханның заманы на шейін иафас үрім-бұтағы мұсылман еді. Алтыншы зама нында жұрт абадан, ел дәулетті болды. өзбекте айтыла қалған сөз бар: «ит семірсе, иесін қабар» деген. Әркімнің бір сүйері өлген болса, я ұл, я қыз, я аға, я іні—соған ұсатып (ұқсатып) үйлерін де қуыршақ жасап, өзіне бөлек сыбаға ас қойып, соны құшақ тап сүйіп, солай қыла-қыла өршіп, ұлғайып, шытпырситлық (пытшырситлық) күшейді. Бұрынғы ата-бабаның ізінен, соқпағынан айырылды.
Алтыншы хан екі баласы егіз туып еді. Бұрынғы туғаны ның аты—Татар, соңғы туғанының аты—Мұғыл. Алтыншы хан
қартайған соң елін екі баласына бөліп беріп, бұл екеуі бірі менбірі тату-тәтті болып, екі жерде патшалық құрды.
«Татар кім болды?» деп ешкім сұрамайды. Біз Мұғыл кім болғанын таратайық. «Мұғыл» мағынасы: «мұңлы, қайғылы» делінген сөз. Бұл Мұғылдан тоғызыншы атаға дейін ханлық (хандық) үзілмей келді. Әуелі—Мұғыл хан, ақыры—Елхан. Түркі халқының ішінде рәсім, үлгі, өрнек болып қалды. Әр нәрсені тоғыз-тоғыздан қылмақ. ол «тоғызы»—Мұғылдың тоғыз ханының соқпағы.
Мұғыл хан көп жылдар патшалық қылды. Төрт ұғлы бар еді: Қарахан, өзхан, Көзхан, Көрхан. Мұғыл хан Қараханын өз орнына хан сайлап кетті. Қарахан атасынан соң тамам елге патша болды, ұлытау, Кішітауды жайлады. Қыс болғанда, Қарақұм, Сыр суының жағасын қыстады. «Қарахан заманында жұрт сондай кәпір болды, орталарында бір пұсырман қалмады» десе, өтірікші болмайды.
Қараханның бәйбішесінен бір ұл туды: көрерге көркі айкүннен әдемі болып туды. үш күн, үш түн емшек берсе, ембеді, анасының қарасын егіз-екі көрмеді. Жұрт дағдарды, састы.
Құдайдың құтты күні бала шешесінің түсіне кіріп:
—Ай, анажан, мұсылман (пұсырман) бол! Сені, мені жарат қан Біреу бар, сен соны бір біл. Сен солай қылсаң, емшегіңді емемін, әйтпесе, ембестен, тіл тартпай өлемін!—деген соң, шешесі баласын өлімге қимағандықтан, баланың «айт!» деге нін айтты. Бала сонан соң шешесін емді.
Бәйбіше көрген түсін, мұсылмандығын (пұсырмандығын) жанға айтпады, жасырды. ол шақта Мұғол жұрты сондай бұзылған еді. Атасының мұсылман екенін білсе, баласы өлтірер еді. Баласының мұсылман болғандығын білсе, әкесі өлтірер еді. Және Мұғыл жұртының заңында бала бір жасқа толмай ат қоймайтұғын еді. Бір жасқа әбден толғанда, топ ортасына қойып, көпке сынатып, сөйтіп ат қойғызады екен. Бала бір жасқа толған соң, Қарахан елге сауын айттырып, зор той қылып, баланы мерекеге алдырып:
—Кәне, бұған лайықты ат тауып қойыңдар!—дегенде, бала жұрттан бұрын өзі сөйлеп:
—Менің атым—уыз,—дейді.
Жиылған жұрт айран-асыр қалып:
—Бұл бала өз атын өзі қойды. Мұнан жақсы ат бола ма, мұның аты «уыз» болсын! Бір жасар баланың сөйлегенін ырым көріп: «Бұл өрісі ұзаған, жаны жайылған, өрісі кеңіген, ұзын өмірлі, толық дәулетті патша болады екен!»—десті.
Сонда уыздың тілі шыққанда: «Алла! Алла!» деп қақсап айтып жүретұғын болыпты.
Жұрт «Алла!» деген сөздің не екенін де білмейді «Тілі шықпаған бала аузына не түссе, соны айтады ғой!» десіп, аңыз қылысыпты.
уызды Құдай тағала жаратылыста шын уыз қылып жа-
ратқан екен. Ер жетіп, жігіт болған соң әкесі өзінің кенже інісі Көрханның қызын алып берді. уыз оңашада қызға айтты:
—Айдай әлемді, сені мен мені жаратқан Біреу бар, соның аты—Алла, сен соны: «Бір біл!—дейді.
Қыз:
—Не оң жақта, не бұл жақта мұндай сөз естігенім жоқ, айтпаймын!—дейді. уыз оның қойнына жатпайтын болды.
Ханның құлағына тиді: «Балаңыз келіншегін сүймейді» деген сөз.
—олай болса, қыз табылар,—деп, Көзхан деген інісінің қызын айттырып, алып берді. уыз оған да айтып еді, о да:
—Елде-жұртта жоқ сөзді айтар жайым жоқ!—деп, тілін алмады.
оны да жаратпай, қойнына жатпайтын болып кетті. уыз өзі аң аулауға шығып, қайтып келе жатса, көл басында көп қатынқыздар кір жуып, суға шомылысып жатыр екен. уыз оңаша шеткері түсіп, бір қызды шақырып алып сөйлесті:
—Әкем маған екі қатын алып берді, екеуі де менің тілімді алмады. Сонан соң мен екеуін де жақтырмай, қойындарына жатпайтын болдым. Сен менің айтқаныма көнсең, айдауыма жүрсең, сені жолдастыққа ұнатып алар едім!—деген соң:
—Жарайды, сен не бол десең, мен сол болайын, қазылған жолыңда, шашылған топырағыңдамын!—дейді.
Сонан соң уыз әкесіне сөз салды:
—Маған өзім сүйген қызды алып берсін!—деп.
Сонан соң әкесі ол қызды алып берді. уыз мұны жанындай жақсы көріп сүйді. Арада бірнеше күнлер өтті. уыз көп жігітжелеңмен ұзақ жерге аң аулай кетті.
Қарахан келін-кепшік, қатын-қалаш, құл-құтандарының басын қосып, қонақ қылды. «Ішкен—мас, жеген—тоқ», мәресәре болып отырғанда, бәйбішесінен сұрады:
—Біздің уызжан бастапқы екі келінді не пейілінен жақсы көрмеді, соңғы келінді қалайша артық көрді екен?—деп.
Бәйбішесі:
—Мен қайдан білейін, келіндер өз қылығын өздері білетін шығар,—дейді.
Хан келіндерінен сұрады, дөкей келіні:
—Балаңыз: «Мұсылман бол!» дейді.—Бір жақта Біреу бар, соны: «Бір деп біл!—дейді. Біз тілін алмадық, соңғы келініңіз «ашса аясында, жұмса жұмырында болды», сондықтан оны жақсы көрді де, бізді жек көрді,—дейді.
Қарахан бұл сөзді естіген соң, бастастарын шақырып:
—Мұндайды естіп, білгендерің бар ма?—деп сұрады.
—Жоқ, жоқ, мынау бір кісі есітпеген сұмдық екен!—деп, үрпиісіп, шошып қалды.
—Сірә, мұның көзін жоғалтпасақ, мәнісі болмас, жұртты бұзар!—десіп, сөзді осыған байлап:
—Мұны түзде жүргенде, қарашығын батырайық, жоқ қылайық!—деп, жұртына жар салдырды: «Аңға шығамын. Мен деген үйде отырып қалмасын!»—деп.
Бәйбіше мұны сезген соң уызға кісі шаптырды: «Әкесі өлтіруге барады, басының қамын қылсын, қашсын!»—деп. уыз мұны естіген соң, о да елге кісі шаптырды: «Мені деген маған келсін, әкемді керек қылған әкеме барсын!»—деп.
Қараханның інілері бала-шағалы, өскен-өнген еді. Тамам немерелер көтеріле уызға қосылды. оларды Қараханнан бөлек жайылады деп, ешкімнің ойына келмеген еді. уыз бұларға: «Айғор!» деп ұран шақыртты. Мағынасы: «жа-
бысқыш» деген сөз екен. Және үйірін таныған айғырдай оқыра түсті деп, сүйіп қойған ат болды. Партия десе, жаны құмар, қауқылдаған шалдар Қараханға жақтасты.
«Жастың жасқа тілеуі бар, жібектің түйіні бір» десіп, жастар уызға қосылды. Жапан түзде айғайласып ұрысты, қарсыласып тұрысты. Баршаны жоқтан бар қылған жалғыз Құдай уыз жаққа болысты. Қараханға оқ тиді, кім атқанын білмеді. ол заманда оқ деген, жақ деген нәрсе зым-зия жоқ нәрсе. Қарахан өлді, оған ерген бықпырт болып бүл [ін] ді. Түге[л] уызы ауызынан шыққан жастар уыз ханды алып келіп, таққа отырғызып, хан көтерді. Заман «уыз хан заманы» деп жар шақыртты.
уыз хан өзіне бағынған елдің бәрін мұсылмандыққа көндір-
ді. Мұсылман болғанды сыйлады, болмағанды шапты, талады. уыз ханның жүрген-тұрған тарихын жазуға аз ғана қалған өмір жарамайтұғын болды. Жүз он алты жыл патшалық қылды. Бір күн үйде жайланып отырған жоқ. Бетіне жан қарсы келмеді. Алты ұлды, жиырма төрт немерелері болды. Бәрі де ат арқасына мініп, «жау жаулауға» жарады.
Бәйбішеден үш ұл, аттары: Күн, Ай, Жұлдыз. Тоқал қаты нынан үш ұл, аттары: Көк, Тау, Теңіз. Бұл алты баласын сынамаққа аң аулауға бұйрық қылды. Бәйбішеден туған: Күн ді, Айды, Жұлдызды күншығыс жаққа аттандырды. Тоқалдан туған: Көкті, Тауды, Теңізді күнбатыс жаққа аттандырды.
Бұлар ұзап шығып, көп күн жүріп, күншығысқа барған: Күн, Ай, Жұлдыз жазы жапан далада бір алтын жақ тауып алып, көп аңмен атасына аман-есен келіп, үйіріне қосылды.
Күнбатысқа барған: Көк, Тау, Теңіз—бұл үшеуі үш оқ тауып алған екен, қанша көп аңмен бұлар да келіп, атасының алдына қойды. уыз хан алтын жақты да, үш оқты да ертерек уақытта өзі көмдірген екен: «Балаларым тауып ала алар ма екен? Жоқ, ала алмай, жерде қалар ма екен?!»—деп. Балаларының тапқандығын ырым көрді. Бұған шаттанып, зор мереке, той қылды…
Тойға тігуге кигіз үй жасатқан екен: кереге мен уықтардың басын алтындатып, керегенің көктерін лағыл, жақұт (иақұт), зүмрәт, фируземен көктеткен екен. Алғаш кигіз үйдің жасалған күні—сол күн екен. онан бұрын дүниеде ешкім жасамаған екен. Сол үй һәм сол той туралы айтылған сөз:
Бір үй тікті алтыннан шаһар- иар.
Кім ол үйден фалак үй қылды?
Тоғыз жүз жылқы, тоғыз мың қой өлтірді, Былғарыдан тоқсан тоғыз қос қылдырды.
Тоғызға—арақ, тоқсанға қымыз толтырды.
Барша нөкерлерін шақырып келтірді.
Алтын жақ тауып алған балалар біріне-бірі қимағандық тан, үш бөліп алған екен де, үш оқ тауып алғандар жасы үлкені не байлаған екен: «Дүние зәру емес, біріңе-бірің қимай, үлесіп алғандықтарың алтынның жүзінің ыстықлығы, егер алтын жолда жатса, қызыққандықтан періштелігін былай қойып, алтынды алса керек. Сендердің атың «Бұзық» болсын және сендерден өрбіп-өнген жұрағатты «Бұзық» деп атасын. Әрқайсың әр жұртқа бас болып, жан сақтамасаңдар, үш үйің бір жерде тату-тәтті отыра алмайсыңдар. ылғи қошқар болып туасыңдар. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма?»—депті. «Міне, үш оқ тауып алып, біріңе-бірің қиып, байладың дар!» Сендерді және сендерден өрбіген жұрағатты «үш оқ» аталсын!» деген екен. «Жақ оқты қалай тартып жіберсе, оқ солай кетеді. Жақ тауып алғанның тұқымы хан сайлансын да, оқ тауып алғанның тұқымы оған нөкер болсын!»—деп, өзі тірісінде Күн ханды хан сайлаған екен. ««Бұзықтың» іске жарарын хан сайлаңдар да, «үш оқ» тұқымы оған нөкерлікке бас ұрыңдар!»—деп бата берген екен.
«үш оқ» тұқымынан біздің қазақ нәсілі өрбіп-өнеді. оның шындығына көктен түскен төрт кітаптан дәлел іздейміз бе? Қазақтың «Таубай, Теңізбай, Көлбай, Адырбай, Бұдырбай деген аттарының өзі-ақ растайды. Және қазақ уыз нәсілі екендігі не кигіз үйі айтпай танытып, сұрамай білдіріп тұр. «уыз үйлі елден табылмағаны ма?» деседі. Бұл уыз ханның заманын білем десең, Кеймәріс өліп, һошыңның таққа орнықпаған заманы еді деседі.
уыз ханның бір нөкері Қарақытайдың ханы итбарақ хан соғысында өліп, буаз қалған қатыны іші қуыс шірік ағаштың ішінде босанып, ұл тауып, уыз хан ол баланың атын «Қыпшақ» қойып, өскен соң өзін батырбасы қылып, көп қосынмен орыс, ұлақ, башқұр, мажар жағына жіберіп, бұл көп жұртты бағындырып, үш жүз жыл патшалық дәурен сүріп, сонан Еділ, Жайық, Ертіс, Сырдария аралығындағы дала «Дешті Қыпшақ» атанды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе?» делінген сөз осы қыпшақ заманында айтылған сөз екен.

Один комментарий к “Қазақтың түбі”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *