Қазақтың баласы

Қазақтың баласы
«Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс» дейді. осы үш Арыстан өсіпөніп үш рулы ел болады. «үш жүз» атанудың себебі—жаудан қорғану үшін үлкені Ақарысқа «Сен бір жүз кісі шығар» дейді. ортаншысы Жанарыстан тараған тұқымға «Сен бір жүз кісі шығар» дейді. Кішісі «Бекарыс тұқымына «Сен бір жүз кісі шығар» деген. Сол себептен «ұлы жүз», «орта жүз», «Кіші жүз» атануы себебі қазақтың осыдан дейді.
Қазақтың ұраны «Алаш» болған. «Алаш» атанудың себебі— қазақ, қалмақ жаралып ел болғаннан-ақ бір-бірімен соғыса бергені болу керек. Қазақ бір кезде жеңе берген болу керек. Сонда қалмақ бұл «Аланшы» болды деген екен дейді. Аланшы деген сөз қалмақша «жаналғыш» деген сөз екен дейді.
Содан былай қазақтың Алаш атану себебі—«Бұл атты қалмақ қойған» деп бір айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *