Халықтың «Қазақ» аталуы туралы аңыздар разақтан Қазақ, одан үш бала туады. Қазақ өз заманында батыр болды. орта жасқа келгенше баласы болмай, бала үшін өзбектің бір батырының қызын алады. ол кешікпей екіқабат болады, мезгілі жақындағанда Қазақ аңға шығады, «ұл туса, шүйінші сұраңдар!» дейді.
Сонымен әйелі толғатады, күтуші әйелдер қасында болады, әйел аман-есен босанады. Әйелдер қараса, туған бала емес, тұлып болады. Мұны көрген әйелдер қорқып дер[еу] батырдың шешесіне хабар береді. Шешесі келіп көрсе, туған—тонды бала. үлкен ұстарамен тонын жарса, ішінен үш баланың бей несі шығады. Бәріде ер балалар, арқалары біріне-бірі жабысқан, беттері үш жаққа қараған. Мұны көрген адамдар қорқады.
Бір қажап тұрды. Тел батырдың шешесі айтады: «Сендер ешқандай қорыңбаңдар, дереу барып баласынан шүйінші сұраңдар!»—дейді.
Батыр естісімен тез үйіне келеді. Шешесіне: «баланы әкел, көремін» деп, шешесі балаларды алып келеді. Мұны көрген Қазақ шошып кетеді де қылышын суырып алады, балалардың арасын ашпақ болып. Сонда шешесі баласының қолын тез ұстап тоқтатады: «сен шошыма!» деп.
Дереу жылқыдан жеті жылғы ту биені алдырып сойып, қазысына балаларды орайды да, өзі қазымен балалардың арасын аялап отырып, ашады. Сонда үш ер бала болып шыға кетеді.
Мұны көрген Қазақ қатты қуанады.
Сонда шешесі былай дейді:
—Балам сен қылышыңды суырдың балалардың арасын ашпақ болып, оның жарамаған іс болды. Бұл балалардың ұрпақтарының ауыз бірлігі аз болып, араларына аз да болса қылыш жүретін болды.
Егер балалардың арасын қылышбен ашқаныңда, бұлар дың ұрпақтары ғұмыр бойына жауласып, бірін-бірі қырумен өте тін еді,—деді.
Мұны естіген Қазақ қатты қорықты. «Мен бір қаталық істедім» деп, садақалар үлестірді. Қазақ бірден үш балалы болғаны на қуанып, үлкен той жасады. Атақты адамдарға сыйлық беріп, кембағалдарға құдайы садақалар берді. Той тарқаған соң Қазақ ақылды ғалым, шешен, данышпан адамдарды жинап былай деді:
—Менің сіздерден сұрайтыным, мына балаларға лайықты етіп ат-қойыңыздар,—деді.
Сонда олар кеңесіп, ақылдасып мынадай ат қоюды лайық деп тапты. Бұл балалар тонда болып, аралары бірігіп, жүздері үш шаққа қарап тұрды және біріне-бірі. «Сол қалқыңқы— үлкендеу, сондықтан: үлкендеуінің аты—Ақарыс, ұлы жүз, оған таяуының аты—Бекарыс, орта жүз, ең кішілеуінің аты— Жанарыс, Кіші жүз болсын»,—десті.
Сонда бір балада төрт есім бар, баланың туыстарына қарай осылай деп ат қоюды ұйғарысқан десті. «Дұрыс қойылған ат» деп, Қазақ өте риза болды. Ат қоюшыларға ат-шапаннан сыйлықтар берді. осы үш бала өсе кеп үш жүздің атасы болды, «үш жүз» деген атқа ие болды.