БҒМ: мектептерді қаржыландыру және сатып алу үрдісінде ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс

БҒМ: мектептерді қаржыландыру және сатып алу үрдісінде ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс

?Жергілікті атқарушы органдар еліміздегі мектептер мен колледждерге компьютерлік техника сатып алуда. Осыған байланысты мемлекеттік қаражаттың ашықтығы толық қамтамасыз етіліп, ұқыпты жұмсалуы қажет.

?ҚР БҒМ арнайы ресурс дайындап жатыр. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қазақстандық мектептер мен колледждерге техникалық жабдықтарды сатып алу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпарат орналастыра алады. Сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі білім бюджеті туралы басқа да ақпаратты көруге болады.

?«Атамекен» ҰКП, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігімен жабдықтарға, сервистік қызмет көрсетуге, кепілдіктерге, сонымен қатар басқа да аспектілерге қойылатын ең төменгі талаптар келісіліп, ұсынымдар ретінде жергілікті атқарушы органдарға жіберілгенін естеріңізге саламыз.

@edu_news_qz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *