Ішік аурулары

  1. Ішік аурулары

 

Бұл ауруларға асқазан мен ішектер ауруларының үлкен тобына жатады. Аурулардың пайда болуы мен дамуы әртүрлі болғанымен оларда жалпы ауырсыну және мазасыздану синдромдары бірыңғай болып келеді.

Колик  сиңдромы  негізіне  асқазан  мен  ішектердің  бітелуі жатады, азық қорыту жолының моторлы, секреторлы және басқада қызметтері, жүрек, тыныстану, зат алмасу және бөлу қызметтері бұзылады, ішектен ауыр уланулармен аяқталады. Жүйке рефлекстері, сезімталдық, вегетативті жүйке жүйсінің қозуы және малдың мінезі бұзылады.

Ауырсыну сезімдерінің көздері әртүрлі себептер болуы мүмкін және ауырсыну біркелкі болмайды, сол себепті Дәрігер малдың мінезіне және мазасызданудың сипатына байланысты бұл жағдайда (колик) «шаншу» деп тауып, диагноз қоюға жақындайды. Мысалы  сфинктрлердің және ішектердің кейбір тұзағының қатты түйілуінен түйілмелі ауырсыну пайда болады.

Ал асқазан мен ішек қабырғаларының газдармен немесе қатты жынмен созылуында дистензионды ауырсынулар байқалады, үзбей мазасыздану     және     ұзақ     мерзім     болады.     Шажырқайдың тартылуында шажырқаилы ауырсынулар болады, бұларда ол үзбей болады, ол бірақ мазасыздану сипатына байланысты өзгешеленеді. Соңында, іш перденің қабынуында рецепторлардың тітіркенуінен перитонеальді   ауырсыну   болады.   Бұл   ауырсынулар  сызланған сипатта және үзілмейтін әлсіз, бірақ азапты мазасыздану [1,2,3,4].

Асқазан-ішектер шаншуымен (түйнеуі) жиі жылқылар, сирек ірі қара мал, шошқалар, иттер және басқа малдар ауырады. Асқазан  мен ішектерде шаншу синдромымен өтетін аурулардың жіктелуінің мойындалған екі түрі бар:

— профессор Г.В.Домрачев барлық шаншу түрлерің асқазандык (асқазанның   созылуы),    ішектік   (іш    перденің   қабынуынсыз) (энтералгия, метеоризм, ішектерде жынның тұрығуы, ішектердің тастармен, конкреметтермен және гельминттермен бітелуі) және іш перденің қабынуы (ішектердің странгуляциямен ненесе тромбоэмболиямен механикалық бітелуі) деп бөлген;

— профессор А.В.Синев азық қорыту жолының бітелуінің барлық түрлерін дииамикалық және механикалық деп бөледі. Динамикалықты түйілмелі (асқазанның созылуы, энтералгия, ішектің метеоризмі) және паралитикалық (салданған), (ішектің химостазы және капростазы) деп бөледі. Механикалық бітелу үш илеус түрінде болады: обтурациялық (ішектердің тастармен, бөгде заттармен және гельминттермен бітелуі); странгуляционды қуыстарда ішек тұзағының қысылуы, бұралуы, ішектің түйілуі, ішектің инвагишщияеы (аударылуы), ішектің ширатылуы; гемостатикалық (ішек артериясының тромбоэмболиясы).

Бірінші жіктелуге анатомиялық принцип, ал екіншіге- азық қорыту жолының функциональді (қызметінің) бұзылу принципі негізге алынған, сол себепті емші дәрігер оны жоғары бағалаған. Асказанның жіті созылуы  — қарынның көлемінің ұлғаюы мен оның негізгі қызметтерінің (моторлы, секреторлы және сору) бұзылуымен өтетін қарын мен ішектің бітелуі.

Себептері. Қарынның жіті созылуы көбінесе вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары қозуынан болатын пилороспазмадан туындайды. Мұндай жағдайда үйренген азықтандыруды, малды күтіп, ұстау тәртібінің бұзылуы ауруды арандатады. Мысалы, тез арада азықты ауыстыру, көп мөлшерде дәнді дақылдар беру немесе оларға еркін жеткен жағдайда артық жеуден, малды азыктанғаннан кейін жұмысқа жегу немесе шаршаған малды молынан азықтандыру, бұзылған, ыластанған, көгерген, тез ашығыш азықтармен азықтандыру.

Пилораспазм соңынан қарынның созылуы рефлекторлы ішек ауруларынан, мал жалпы мұздағаннан болуы мүмкін. Туындаған қарын созылуы он екі елі ішек саңлауы тұсында және мықын ішекте, сирек-тоқ ішекте (обтурация, химостаз, странгуляция т.б.) бітелуден болады.

Дамуы. Қарынның кілегейлі кабығының тітіркенуінен және оның қабырғасының созылуынан жиырылу ауырсынуды тудыратын түйілуге дейін күшейеді. Бастағы мида қозу ошағы пайда болады, адреналин жүйесі тітіркенеді және адреналиннің қанға келіп түсуі көбейеді. Асқазан мен пилорус қабырғасында ауырсыну импульстері пайда болады, алғашқыда спастикалық ауырсыну басымырақ болады, ал кейін-дистензионды.

Азықтармен немесе газдармен асқазанның керілуінен құрсақ қуысының ішкі қысымы артады, ол диафрагманы (көк етті) қысады, соның нәтижесінде тыныстану және жүрек қызметі қиындайды. Асқазанда сөл бөлу күшейіп көп мөлшерде сулы-тұзды сұйық (25 л және онанда көп) онан әрі жалпы қызметтерді бұзып, организмді сусыздандырады және зат алмасуды бұзады. Кейде пилорустың түйілуімен қатар кардиальді сфинтрде түйіледі, онда асқазан қысымы өсе беретін жабық ыдысқа айналады. Қарынның қабырғасы жұқарады, сол себепті ол жыртылып кетуі мүмкін.

Симптомдары. Бірінші белгілері азықтандыру кезінде немесе бірнеше сағат өткеннен соң пайда болады. Алғашқыда ауық-ауық мал мазасызданады, спастикалық (түйілмелі) ауырсыну болады. Ауру жылқы кейде жүріп бара жатып кілт тоқтайды, мезгіл-мезгіл ішіне қарайды, аунайды. Орнынан тұрған бойда алға қарай ұмтылады.

Қарынның қабырғасы қатты керілгендіктен тұрақты мазасыздану болады (дистензионды ауырсыну). Ауру ит сияқты шоқиып отырады. Осы кезде өңеш қабырғасының бас жаққа қарай толқындала жиырылып жатқандығын байқауға болады.

Ауру жылқының жалпы күйі тез нашарлайды, дене қызуы 39-41°С дейін көтеріледі, көздің кілегейлі қабығы қанталап, көкшілденеді. Тамыр соғуы жиілейді, минутына 80-90 ретке жетеді. Бастапқыда жүрек саздары күшейеді, ал сонынан әлсірейді.

Тыныстануы үстіртін болады, жылқы ентігеді. Тыныстану 25-50 дейін жиілейді. Сырттан қарағанда дененің сол жағында құрсақ қуысы қабырғасы 14-17 кабыртқалар аралығынан сыртқа шығыңқы екенін байқауға болады. Тереңдетіп перкуссиялау атимпаниялык дыбыс береді. Ішектердің перистальтикасы аурудың бастапқы кезінде күшейеді, ал соңында бәсеңдеп мүлдем тоқтайды. Дефекация сирек. Тік ішек арқылы зерттегенде көк бауырдың соңғы қабырғаға дейін ығысқанын және қарынның артқы бөлігін дөңгелек катты дене ретінде ұстап көруге болады. Асқазан жыны қышқыл реакциялы (60-100 титр бірлігі), онда сүт және май қышқылдары көп, ал байланыспаған (бос) гр қышқылы жоқ. Сусызданған сайын қанда эритроциттер саны және гемоглобин мөлшері көбейген, кейде нейтрофильді лейкоцитоз, эозинопения, ЭШЖ төмендеген.

Балау. Ауруға тән шаншу синдромы. Асқазанға зонд енгізу және тік ішек арқылы зерттеп малға тірі кезінде диагноз қояды. Егер мал өлсе, өлексені сойып көргенде асқазанның азықтармен созылғанын немесе оның жарылып кеткені қойылған диагноздың растығын дәлелдейді.

Емі. Ауырсыну синдромында венаға 30-60 мл мөлшерінде 10 %-ды анальгин немесе 150-300 мл хлоралгидрат ерітінділерін енгізеді. Асқазанға зонд енгізеді, газдар мен азық қалдықтарын сыртқа шығарады, малдың жағдайы жақсарады. 4-6 л жылы сумен асқазанды жуып-шайса жақсы  нәтиже береді. Ол үшін 1-2 %-ды ихтиол, натрий гидрокарбонат ерітінділерін қолданады. Ішке 10-12 мл сүт немесе 15-30 мл сірке, қышқылдарын бір бөтелге суға сұйылтып ішкізсе, онда пилороспазм басылады.

Ауру жылқы венасына 200-300 мл 10 %-ды хлорлы натрий ерітіндісіне 2-2,5 г натрий кофеин-бензоаты және 50-100 г глюкоза қосып енгізген жақсы нәтиже береді. Ашу процестерін тоқтату үшін ішке микробтарға қарсы нашар еритін препараттар тағайындайды (антибиотиктер мен сульфаниламидты препараттары).

Сақтандыру. Қалыптасқан азықтандыру мен күтіп-ұстау, жылқыларды жұмысқа жегу тәртіптерін сақтайды. Малды сусымалы азықтарға еркін жетуін тоқтатады. Жылқыға бұзылған азық бермейді, суықтанда сақтайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *